Израиль Газа секторымен арадағы өткізу пунктін жапты
Жұма күнгі қақтығысқа байланысты Израиль Газа секторымен шекарадағы “Эрез” бақылау-өткізу пунктін жапқан. Пунктің қашан ашылатыны әзірге, белгісіз. Қазір шекараны тек медициналық көмекке зәру азаматтар мен Газаға оралғысы келген Палестина автономиясының тұрғындары ғана кесіп өте алады.
Израиль мен Газа секторы арасындағы өзге екі пункт жүктерді тасымалдауға арналған.
Бұған дейін Палестина басшысы Махмуд Аббас автономия тұрғындарын аймақ тәуелсіздігіне қол жеткізу үшін Израиль билігіне "күш қолданбай" төтеп беруге шақырған. Ол сонымен бірге АҚШ Иерусалимде ашқан елшілігін жаппаса, АҚШ-пен қарым-қатынасын үзетінін мәлімдеген.
Соңғы айларда Израиль мен Газа секторы шекарасындағы жағдай ушығып кеткен. Израиль әскерилері 18 тамыз күні палестиналықтардың өздеріне қарсы жарылғыш зат лақтырғанын, оған жауап ретінде әскерилер оқ атқанын хабарлаған. Қақтығыс кезінде екі палестиналық қаза тапқан.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




