Жаңалықтар
Қазақ Қайсанов өзбек балуанынан жеңіліп, күміс медаль алды
- author «Ақ жол»
- 19 тамыз, 2018
- 366
Қазақ Қайсанов өзбек балуанынан жеңіліп, күміс медаль алды
Еркін күрестен қазақстандық балуан Данияр Қайсанов Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарының күміс медалін иеленді. 74 килограмда белдескен ол финалда өзбекстандық Бекзод Абдрохмоновтан жеңілді.
Қайсанов ширек финалда вьетнамдық Кан Таи Дудан, жартылай финалда оңтүстік кореялық Гонг Вунг Муннан басым түсті.
65 килограмда белдескен Саятбек Оқасов Азия ойындарының қоласын иеленді. Ол алғашқы белдесулерінде оңтүстік кореялық Ли Сун Чолды, Қытай қазағы Ерланбике Қатайды жеңген. Ал жартылай финалда жапониялық Даичи Такатаниден жеңілді. Қолаға таласта түркіменстандық Батыр Боржаковтан басым болды.
86 килограмда қазақстандық тағы бір балуан Әділет Давлумбаев та қола алды.
Қазақстан Азия ойындарының 19 тамыздағы жарыс күнінен кейін бір алтын, бір күміс, екі қоламен жалпы есепте бесінші орында тұр. Алтынды семсерлесуден Дмитрий Алексанин иеленген. Қазақстаннан Азиадаға 440 спортшы қатысады. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді