Қонақүйлердегі қызметтің бес ерекше түрі аталды
Әлемнің көптеген қонақүйінде жағажайда демалып, коктейль ішуге болады, бірақ, ерекше қызмет түрлерін ұсынатын мейманханалар да бар, деп хабарлады РИА Новости агенттігі PeterGreenberg.com сайтына сілтеме жасап.
Таиландтағы Чианграйда орналасқан қонақүйде кілемшені пілдің арқасына төсеп, йогамен айналысуға болады.
Берлиндегі (Германия) қонақүйде жай ғана ән айтып қоймай, екі студияның бірінде ән жаздыруға болады. Бірақ ол үшін бэк-вокалшыларды ала бару керек.
Нью-Джерсидегі (АҚШ) қонақүйде саябақ пен Атлант мұхитына қарап тұрған шатырда кешкілік кино көрсетіледі. Күндіз ол шатыр лаунж-зонаның қызметін атқарады.
Омандағы қонақүйде өзіңді Джеймс Бонд сезінуіңе болады. Қонақүйге жалға алынған көлікпен немесе таксимен барғыңыз келмесе, гид маманмен бірге парапланмен ұшып бара аласыз.
Гавай қонақүйі теннисшілерге опция ұсынады: корттар камералармен жабдықталған, олар ойынды сол мезетте жазып әрі талдай алады.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




