Жаңалықтар
Нурмагомедов пен Макгрегор жекпе-жегінің билеттері үш минутта сатылып кеткен
- author «Ақ жол»
- 18 тамыз, 2018
- 817
Нурмагомедов пен Макгрегор жекпе-жегінің билеттері үш минутта сатылып кеткен
UFC229 турнирінің шеңберінде өтетін ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Коннор Макгрегор арасындағы жекпе-жектің билеттері үш минуттың ішінде сатылып кеткен, деп хабарлады РИА Новости агенттігі Dublin Live басылымына сілтеме жасап. UFC тамыздың басында Нурмагомедов пен Макгрегор арасындағы жекпе-жектің 6 қазанда Лас-Вегас қаласында (АҚШ) өтетінін хабарлады. Ресейлік боксшы жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы деген белдігін қорғайды. Билеттердің құны 205-2505 доллар аралығында. Турнир өтетін аренада 20 мың адамға орын бар. Айта кетейік, Нурмагомедов 26 кездесу өткізіп, 26 рет жеңіске жеткен. Ол - жеңіл салмақта UFC чемпионы. Макгрегор - жартылай жеңіл және жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы. Оның қоржынында 21 жеңіс пен үш жеңіліс бар.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




