Жаңалықтар
Түркі академиясы əлемге танымал түрколог ғалымдарды марапаттады
- author «Ақ жол»
- 17 тамыз, 2018
- 911
Түркі академиясы əлемге танымал түрколог ғалымдарды марапаттады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада басталған ХІХ Халықаралық Түркі тіл білімі конференциясына көптеген елдерден ғалымдар келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін Халықаралық Түркі академиясының қолдауымен Н.Назарбаев университетінде басталған ХІХ Халықаралық Түркі тіл білімі конференциясына көптеген елдерден айтулы ғалымдар келді. Алқалы жиынның ашылу салтанатында сөз сөйлеп, дүниежүзіне белгілі түрколог ғалымдарды марапаттадық. Түркі тілдерін, соның ішінде қазақ тілін де зерттеп, зерделеп жүрген А.Мицкевич университетінің профессоры Г.Янковский мен Франкфурт университетінің профессоры И.Невская Томсен медалімен, ал Упсала университетінің профессоры Э.Чато Академияның арнайы алтын медалімен марапатталды», - деп жазады Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі өзінің Фейсбуктегі парақшасында.
Сондай-ақ, Дархан Қыдырәлі тіліміз бен әдебиетімізді, терең тариxымыз бен мәдениетімізді танып, әлем жұртшылығына көрсетіп жүрген шынайы ғалымдардың қажырлы еңбегі қандай марапатқа болса да лайық екендігін айтты.

Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




