Президенттің мұндай шешім қабылдауына сайлаудағы мөлшерлестік қағидасының бұзылуы себеп. Дуданың айтуынша, еуропалық құқықта парламентке өту үшін 5 пайыздық меже бар. Сондықтан партия бұл заң шығарушы органға өту үшін сайлаушылардың кем дегенде 5 пайыз дауысын жинауы тиіс. Ал оны өзгерту еуропалық құқықта көрсетілген тәртіпті бұзып, оның беделін түсіреді. Салдарынан азаматтардың сайлауға қатысуы төмендейді.
Еске сала кетейік, Еуропалық парламентке сайлау әр 5 жыл сайын өтеді. Келесі саяси дода 2019 жылы 23-26 мамыр аралығына белгіленген.