Жаңалықтар
Қазақстандық эмигранттар арасындағы үздік 10 ел аталды
- author «Ақ жол»
- 16 тамыз, 2018
- 1.0k
Қазақстандық эмигранттар арасындағы үздік 10 ел аталды
2018 жылы қазақстандық эмигранттар арасындағы ең танымал елдер - Ресей, Германия және АҚШ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіндегілер 2018 жылы алты айдың ішінде Қазақстаннан 17 171 адам кетіп қалған деп хабарлаған.
Қазақстандықтар көшіп кеткен елдердің тізімінде бірінші орынды Ресей (15688 адам) көрсеткішімен иеленді.
Екінші орында - Германия. Мұнда көшіп кеткен адамдар саны 1097-ге жетті.
Көшбасшыларының үштігін АҚШ аяқтады. Мұхиттың ар жағына 158 қазақстандық қоныс аударған.
Одан кейін Беларусь - 116 адам, Қырғызстан - 74 адам, Канада - 66 адам, Өзбекстан - 64 адам, Израиль - 50 адам, Қытай - 48 адам, Украина - 46 адам.
tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




