Жаңалықтар
Жалдамалы жұмысшы ферма иесі мен екі баласын өлтіріп кетті
- author «Ақ жол»
- 16 тамыз, 2018
- 940
Жалдамалы жұмысшы ферма иесі мен екі баласын өлтіріп кетті
Фермер мен оның 17 жасар қызы және 16 жасар ұлы кісі қолынан ажал құшты
ТАРАЗ, 16 тамыз — Sputnik. Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің жедел қызметкерлері фермерлік қожалықтың басшысы мен оның екі баласын өлтірген ер адамды бірнеше сағатта құрықтады. Қанды оқиға Шу ауданы Далақайнар ауылына жақын жердегі фермада болған.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері бастапқыда екі мәйітті ғана табады. Ер адамды аулада өлтіріп кеткен, қызының денесі үй ішінен табылды.
"Оқиға орнын тінтіп, басқа да тергеу шараларын атқару барысында үйден 150 метр жерде бұта арасынан тағы бір мәйіт табылды. Ол фермердің ұлының денесі екен", — деп хабарлайды Жамбыл облысы ІІД.
Шаруа қожалығында жалдамалы жұмысшылардың бірінің жоқтығын анықтаған полицейлер қылмыс жасаған сол деп пайымдап, бірден іздеу жариялайды.
42 жастағы күдікті бірнеше сағатта қолға түсті. Фермадан ұрлап кеткен мотоциклмен жүріпті. Тінту барысында шаруа қожалығы басшысының үйінен тонаған ақша, бағалы заттар мен басқа да дүниелер табылды.
Бұл оның үш кісіні өлтіргенін мойындауға жеткілікті болды. Қазір қылмыскер тергеу абақтысында отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




