Үндістан 2022 жылға дейін ғарышқа өз өкілін жібереді
Бұл туралы премьер-министр Нарендра Моди кеше тәуелсіздік күніне орай сөйлеген сөзінде атап өтті.
Мәселен, биылғы салтанатты шара елдегі сайлау науқанымен тұспа-тұс келіп, үкімет басшысы өз партиясының келешек бағдарламасын паш етті. Онда премьер-министр үнділердің әл-ауқатын жақсартуға күш салып, денсаулық сақтау саласын реформалауға және ғарышты бағындыруға уәде етті. Нарендра Моди, Үндістан премьер-министрі: - Алдағы уақытта халқымыздың ұлдары мен қыздары қолына еліміздің үш түсті туымен ғарышқа аттанатын болады. Ұлтымыздың бұл арманы тәуелсіздігімізге 75 жыл толғанға дейін жүзеге асуы тиіс. Айта кетейік, Үндістан 1947 жылы 15 тамызда Ұлыбританиядан егемендігін алған болатын. Содан бері елде бұл күн кеңінен атап өтіледі. Ал келесі жылдың көктем айында жалпыға ортақ сайлау өтуі тиіс. Модидің ойынша, алдағы саяси додада оның партиясы 2014 жылғы сайлаудан да жақсы нәтиежеге қол жеткізеді.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді