«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Арзан әрі экологиялық таза қуат өндіреді

Арзан әрі экологиялық  таза қуат өндіреді
ашық дереккөз
Арзан әрі экологиялық таза қуат өндіреді

Өркениетті мемлекеттер экологиялық ахуалды жақсарту, табиғи ресурстарды үнемдеу және арзан қуат өндіру жолдарын үздіксіз іздестірумен келеді. Көптеген елдер баламалы энергия өндіруге басымдық беруде. Бүгінде жаңартылмалы қуат көздері әлемде тұтынылатын энергияның төрттен бірін құрайды. Бұл мәселеге Елбасы да ерекше көңіл бөлуде. Өткен жылы Астанада өткізілген «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінде жасыл энергия өндірудің алуан түрлі озық үлгілері көрсетілді. Бұл бағытта облысымызда, оның ішінде Т.Рысқұлов ауданында елеулі шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Еліміздің индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы аясында Қарақыстақ өзенінде су электр стансасы салынды. Стансаның жобалық қуаты жылына 1,7 мегаватт қуат өндіруге есептелінген. Жобаның инвесторы «Энерго Строй Проект» ЖШС бұл мақсатқа 1 миллиард 17 миллион теңге жұмсаған. Салынған қаржы 7-8 жылдан кейін өтеледі деп күтілуде. Станса жабдықтары Қытайдан әкелінген. Су электр стансасына дейінгі 3,8 шақырымдық аралыққа диаметрі 1,2 метрлік құбыр тартылыпты. Нысан 2013 жылы іске қосылған. «Қарақыстақта» жылына орта есеппен 10 миллион киловатқа жуық энергия өндіріледі. Оны жобалық қуаттылығына жеткізу жолында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Өндірілген өнім жергілікті желілер арқылы «КЕQОQ» корпорациясына жеткізілуде. – Стансада 14 адам жұмыс істейді. Олардың барлығы да өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтын білікті мамандар. Соның нәтижесінде жұмыста іркіліске жол берілмейді. Мұнда өндірілген бір киловатт қуаттың бағасы 14 теңгені құрайды. Бұл – басқа энергия өткеретін компаниялардың бағасынан едәуір төмен, – дейді «Қарақыстақ» су электр стансасының бас инженері Юрий Свиридов.

 

Ақылжан МАМЫТ

Т.Рысқұлов ауданы.

Ұқсас жаңалықтар