Мен мөп-мөлдір қалпымды сақтап қаламын
Жұлдыз Бейсек.
Мың сындырдың, мың құлаттың, лақтырдың,
Ащысынан тағдырымның таттырдың.
Лапылдаған алау оттың ішіне,
Сені де алып кетейін деп шақ тұрмын.
Әуре болма жұқпас маған күл, күйе,
Биік тұрып күртешеңді сілкіле.
Мен қайғымнан мөлдір өлең жасап ап,
Жас жұтып-ақ шапан жабам күлкіме.
Аязыңнан жан дірілдеп, үссем де,
Кірпігімнен моншақ, жоқ мұз үзсем де.
Мен мөп-мөлдір қалпымды сақтап қаламын,
Лай-батпаққа етпетімнен түссем де.
Тіршілікпен қайнамаған сор ең де,
Сорымды еміп, не жазғанын көрем де!
Ақ қауырсын – сөздеріммен пыр етіп,
Ұшып кетем, мендік мекен – төбеңде.
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




