Ақмола облысында 119 робототехника кабинеті бар
Ақмола облысында 2 мыңнан астам бала құлтемір құрастырумен шұғылданады.
Бүгінде аймақта 119 робототехника кабинеті бар. Өңірде қазір тың технологияға қызығатын оқушылар да, оларға қажетті орындар да көбейіп келеді. Мәселен, жақында ғана өндірістік Степногор қаласынан 3D жобалау және робототехника кабинеті ашылды. Енді жаңа оқу жылынан бастап мұнда 100 бала құлтемір құрастырудың қыр-сырын меңгере алады. Қазірдің өзінде үйірмеге келіп жүрген оқушылардың жетістіктері жаман емес. Жергілікті балалар, әсіресе, өндіріске қажетті, өлкеге пайдасы тиетін құлтемір құрастырғылары келеді. Владимир Аксенов, робототехника нұсқаушысы: - Бұл балаларға қызық. Оларға бізде еркіндік беріледі. Өз қалауы бойынша робот құрастырады. Арманымыз – өндіріске де, қала тұрғындарына да пайдалы болатын құлтемір шығару. Кейбір жобаларымыз да дайын. Енді соларды іске асыру керек. 24.kz
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




