АСТАНА. ҚазАқпарат - Академиялық есуден команда мүшелері 14 тамыз күні спорттық құрылғыларына қол жеткізіп, судағы жаттығу жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды Olympic.kz. Академиялық есуден команда мүшесі Евгений Васильев мұнда барлық жағдайдың жасалғанын айтты. Тек ауа райында ғана аздаған қиындықтар бар.
«Атлетикалық ауылда барлық жағдай жасалған. Жататын орын, бөлмелер мен ас ішетін жер де тамаша! Жаттығу өз ретімен жүріп жатыр. Кеше қайық пен ескектерімізге қол жетті. Судағы жаттығуға толығымен көшті. 95 пайызға дайынбыз деп айта аламын. Жергілікті климатқа бейімделіп, ағзаны ыстық ауаға үйретіп алсақ, барлығына дайын боламыз», - дейді Евгений.
Спортшының айтуынша, Қазақстан құрамасы толығымен келмегендіктен, команда корпусында бос орындар жетерлік.
«Барлығы да керемет. Атлетикалық ауылдағы атмосфера да жаман емес. Тек ауа райы аздап қинап тұр. 80 пайыз ылғалдылық пен +33 градус ыстықты өзіңіз елестете беріңіз. Сол себепті, жаттығу арасында кондиционерге қарай жүгіреміз», - дейді Васильев.
Еске сала кетейік, Азия ойындары 18 тамыз күні басталады. Жарысты Индонезияның екі қаласы - Джакарта мен Палембанг қабылдайды.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




