Жаңалықтар
Жалған анықтамалар мен дәрі-дәрмектер саудасы. Біртанов жемқорлыққа қатысты пікір білдірді
- author «Ақ жол»
- 15 тамыз, 2018
- 745
Жалған анықтамалар мен дәрі-дәрмектер саудасы. Біртанов жемқорлыққа қатысты пікір білдірді
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев денсаулық саласында жемқорлықты алдын алу мәселесіне қатысты меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Әріптестер, сіздер, 2017 жылдағы жемқорлықпен күрес жөніндегі ұлттық баяндаманың мәліметтері бойынша денсаулық сақтау жүйесінің жемқорлық деңгейі ең жоғары салаға кіретінін барлығыңыз білесіздер. (...) Бірақ біз биыл құқық бұзушылық деректерінің азайғанын көріп отырмыз. Дегенмен бұл бізге босаңсып, белсенділігімізді төмендетуге негіз болмайды", - деді министр құжатқа қол қою алдында.
Сондай-ақ, Елжан Біртанов жемқорлық көп кездесетін жағдайларды айтып өтті.
"Көбіне дәрі-дәрмектер саудасында, медициналық заттар мен жабдықтар алу кезінде көп байқалады. Бұдан бөлек Елжан Біртанов жалған құжаттар мен анықтамалар беру деректерінің көбейгенін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




