Түркістан облысында басшысымен бірге банк тонаған қызметкерлер ұсталды
- author «Ақ жол»
- 14 тамыз, 2018
- 762
Депозиттен ақша жымқырғандар Мақтарал ауданындағы Халық банкінде жұмыс істеген. Салымшылардың ақшасын ұрлағандар арнайы қылмыстық топ құрып, ұжым болып арам ойын іске асырыпты.
Қылмыскерлердің арасында банк басшысы да бар. Қол астындағы қызметкерлермен сөз байласқан банк басшысы салымшылардың ақшасын оңай жолмен қолды еткен.
Тергеу барысында анықталғандай, бұл іске қатысы бар бес қызметкердің кінәсі дәлелденіп, олар үш жыл қатарынан Халық банкіне ақша құйған салымшыларды қаржысын ұрлап келіпті.
"Тергеу барысында тергеушілер қылмыстық істі жан-жақты зерделеп, анықтау үшін тыңғылықты жұмыс атқарды. Осы мақсатта аудиторлық тексеру, қолтаңбалық, сот-экономикалық бірнеше сараптамалар тағайындалып және тергеу барысында барлық қажетті іс-шаралар жасалынды.
Полицейлер 5 банк қызметкерінің кінәсін толық дәлелдеп шықты. Олардың барлығы да алдын-ала сөз байласып, қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асырып отырған.
Үш жыл көлемінде банк клиенттерінің қолтаңбасын жалған жасап, ақшаларын иемденіп отырған", - дейді Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.
Банкті тонаған банк қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденгені үшін Үкібаев Әжібек пен Сауранбаев Талғат 7 жылға бас бостандығынан айрылды.
Ал, Алтенов Сакен, Қалибаева Бақтыгүл және Айтөреева Айшолпанға сот шартты түрде жазалар тағайындады.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




