Жаңалықтар
Малахов 48 адамның өмірін құтқарып қалған қазақстандықты өз бағдарламасына шақырды
- author «Ақ жол»
- 14 тамыз, 2018
- 407
Малахов 48 адамның өмірін құтқарып қалған қазақстандықты өз бағдарламасына шақырды
Ресейлік тележүргізуші Андрей Малахов 48 адамды өртеніп жатқан автобустан аман алып қалған қазақстандық Ержан Амархановты өз бағдарламасына шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бағдарлама түсіріліміне құжаттарымды дайындағаннан кейін бірақ барамын. Иә, мені шақырды. Түсірілім қашан болатынын әлі нақты айтқан жоқ. "Еуразия Бірінші" арнасы мені "Пусть говорятқа", ал "Россия" Андрей Малаховқа шақырды", - деп хабарлады Ержан Амарханов.
Оның айтуынша, ұйымдастырушылар казақстандықтың жолын төлеп береді.
"Құжаттарым бар деп, оларға хабарласамын. Иә, жолымды түгелей өздері төлеп беретін болады. Бағдарламада барлығы қалай болғанын айтып беремін. Ол жерде тек мен емес, мен құтқарып алған адамдар да болады. Кім қашып кетті, автобустағылар қайда тұрғанын, оларда неліктен өртсөндіргіш болмағанын - бәрін сол жерде айтатын боламын", - деді қазақстандық.
Ержан Амархановтың айтуынша, барлық құжаты өртеніп кеткеннен кейін қиын болған. Алайда, барлық жолаушы аман-сау қалғаны қуантады.
"Ол жағдайдан кейін өзімді табу қиын болды. Не құжатым, не байланыс телефоным болған жоқ. Достарым тез арада ұшып келіп, бірнеше минутта барлығын тауып, жасап берді. Қазақстанның Мәскеудегі елшісі хабарласып, тағы басқа көп адам көмектесті", - деді ол.
Еске салайық, тамыздың 5-не қараған түні Ержан Амарханов Ресейге автокөлік сатып алу үшін жол жүріп барған. Сол түні автобустан өрт шыққан. Ол сәтте жолаушылардың барлығы ұйықтап жатқан. Ал Ержан Амарханов алғашқылардың бірі болып оянып кеткен екен. Ол бірден жолаушылардың барлығын оятып, бұғатталған есіктерді ашып, адамдарды құтқара бастаған.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді