Жаңалықтар
Жайнамазды тепкен тараздық жаттықтырушы жұмыстан босатылды
- author «Ақ жол»
- 14 тамыз, 2018
- 837
Жайнамазды тепкен тараздық жаттықтырушы жұмыстан босатылды
Тараз қаласындағы "Атлетик" спорт кешенінде орын алған келеңсіз жағдай өз шешімін тапты. Намаз оқыған балаларға боқтық сөздерін жаудырып, жайнамазды тепкен жаттықтырушы жұмыстан қуылып тынды деп хабарлйды ҚазАқпаратқа
Бұған дейін Instagram əлеуметтік желісіндегі @Taraz_life парақшасында намаз оқып жатқан жеткіншектерді балағаттаған мұғалімнің видеосы тараған.
"Оқиға бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, екі жақтан да түсініктеме алынып, жауапты азаматтар жазаланатын болады" - деді журналистердің сауалына жауап берген облыстық спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков.
Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша жұмыс жүргізіліп, видеодағы футбол бөлімінің жаттықтырушысы Алмат Баетов Сейтнасимұлы екені анықталған.
33 жылдық тəжірибесі бар жоғарғы санатты жаттықтырушы облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернатында 2011 жылдан бастап жұмыс атқаруда.
Баетовтың іс-əрекеті педагогикалық тəрбиеге сай келмегендіктен жұмыстан босатылған.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




