Жаңалықтар
Алматы полициясы Car City базарында 5 қылмыскерді ұстады
- author «Ақ жол»
- 13 тамыз, 2018
- 777
Алматы полициясы Car City базарында 5 қылмыскерді ұстады
Алматы полицейлері Car City базарында жүргізілген кезекті рейд барысында 5 қылмыскердің ұсталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қалалық ІІД мәліметінше, 11 тамызда 600-ден аса полицей Car City базарында кезекті тексеріс жүргізді.
"Сауда орындарынан бөлек, техникалық қызмет көрсететін 20 станция мен 45 көлік құралын тексердік. Учаскелік инспекторлар біреудің мүлігін жымқырғандарды ізін суытпай анықтады. Осыған дейін ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған 1994 жылғы ер адам ұсталды. Сондай-ақ, рейд барысында 149 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 126 адам аты-жөнін анықтау үшін ішкі істер органдарына жеткізілді. Олардың 10-ы Өзбекстан азаматы болып шықты. Олар көші-қон заңнамасын дөрекі бұзғаны анықталыд. Мұнымен қатар, тексеріс кезінде ата-анасы Қазақстанның басқа өңірлерінде тұрып жатқан үш жасөспірім ұсталды. Ол балалар кәмелетке толмағандарды уақытша бейімдеу орталығына жеткізілді", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Еске сала кетейік, мұның алдында Car City автобазарында 94 адамның ұсталғаны хабарланған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




