28 жыл бұрын перзентханада егізінен айырылған қазақстандық бауырын іздестіріп жатыр 

28 жыл бұрын перзентханада егізінен айырылған қазақстандық бауырын іздестіріп жатыр 
ашық дереккөз
28 жыл бұрын перзентханада егізінен айырылған қазақстандық бауырын іздестіріп жатыр 
Қазақстандық Айдос Мұсабеков егіз бауырын іздестіріп жатыр. Оның ойынша, бауыры туғанда оны Семейдегі перзентханада сатып жіберген болуы мүмкін. Ол оқиғасын Instagram желісіндегі парақшасында айтып берді. "Отбасымды, оның ішінде мені таңғалдырған оқиғаны айтып бергім келеді. 1990 жылы 14 қаңтарда Семей қаласының № 2 перзентханасында егіз бала дүниеге келді. Өте әлсіз болып тудық, 1 300-1 500 грамм. Атан-анамыз бізге Айжос және Жандос деген керемет есім берді. Бірақ тағдырдың таңдауымен бізді екіге айырды. Белгісіз себептермен дәрігерлер ата-анама егіз бауырымның қаза тапқанан хабарлады", - деп жазған ер адам. Келесі күні әйел мен баласын облыстық ауруханаға ауыстырған. Ата-анасы Айдостың денсаулығына алаңдап, жазылуы үшін барлық шараны жасаған. Ер адамның айтуынша, баланы сатып жіберген және бұл алдын ала жоспарланған іс. "Шок. Шындықты білгеннен кейін біздің, анамның не сезетінін елестете алмайсыздар. Туған бауырымды іздестіруге сіздерден көмек сұраймын. Маған ұқсайтын адамды көрсеңіздер, хабар беріңіздер. Немқұрайлы қарамаңыздар", - деп жазған ол. tengrinews.kz

Ұқсас жаңалықтар