Өрт сөндірушілердің сөзіне қарағанда, Дағдарыстарды басқару жөніндегі кеңес құрылып, ішкі істер министрі Панос Скурлетистің қатысуымен жиын өткізген.
Әзірге өрттің негізгі ошағын ауыздықтаудың сәті түспей отыр. Өрт ошағында орналасқан Кондодеспоти кенті, оған көршілес отырған Ставрос елді мекені эвакуацияланған. Эвбеядағы өртті сөндіруге 186 адам, 62 техника жұмылдырылған.
Билік өкілдерінің айтуынша, Эвбеядағы өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ, өңірде тек екі үй жанып кеткен. Елді мекенді айнала өсіп тұрған ормандар жалын құшағында қалған. Оның үстіне желдің күшеюі өрт сөндіру жұмыстарын қиындата түсуде.
Еске сала кетейік, Грекияда биылғы жазда алапат өрттер толастамай тұр. Өткен айдың аяғында Аттикада өрт салдарынан қаза тапқандардың саны 70-тен асқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




