Басты жаңалық
Бразилия құрамасының бас бапкері Сколари отставкаға кетті
- author «Ақ жол»
- 19 шілде, 2014
- 963
Бразилия құрамасының бас бапкері Сколари отставкаға кетті
Бразилия құрамасының бас бапкері Луис Фелипе Сколари өз қызметінен кетті.
Футболдан ӘЧ-да 3-орынды сарапқа салған Голландия-Бразилия кездесуінде болған соңғы жеңілістен кейін (0:3) 65 жастағы маман Бразилияның футбол конфедерациясына қызметтен кету туралы өтінішімен барған. Еске сала кетейік, Сколари Бразилия құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне бір жарым жыл бұрын тағайындалған. Оның жетекшілігімен құрама 2013 жылы конфедерация кубогына ие болған. Атап өтейік, Сколари басшылығымен Бразилия құрамасы 2002 жылы әлем чемпионатында жеңіске жеткен.
Ұқсас жаңалықтар
Нұрлыбек Нәлібаев вице-премьер қызметіне тағайындалды
- 6 мамыр, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




