Малайзиялық Boeing жолаушылар ұшағы Донецк облысы аумағына құлады, 280 жолаушы мен 15 экипаж мүшесі қаза тапты.
Әскери-саяси зерттеулер орталығының басшысы Дмитрий Тымчук Киев уақытымен сағат 16.20-да Киев пен Ростовтағы жердегі қызметтер Куала-Лумпур – Амстердам рейсін жасаған әуе лайнерімен байланысты жоғалтып алғанын хабарлады. Украина Президенті Петр Порошенко Донецк облысында «Малайзия әуе желілері» компаниясының апатқа ұшырауын террористік акт деп көрсетсе, өзін тәуелсіз ел деп жариялаған Донецк ұлттық республикасының басшылары апатқа ұшыраған Boeing 777 ұшағын атып құлатпағандарын мәлімдеді. «Бізде ондай биіктікте ұшып бара жатқан ұшақты атып құлататын зымыран кешені жоқ. Қолда бар қаруымызбен тек 3-4 шақырым биіктіктегі нысанды атып құлата аламыз», – деді ДҰР билігінің өкілі Сергей Кавтарадзе Интерфакске берген сұхбатында.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




