Заман талабына сай жабдықталған Ақпарат тық орталық
Ауданның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Жайылма ауылдық кітапханасында цифрландырылған ақпараттық орталық ашылды. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының негізгі төрт бағытының біріншісі ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған болатын. Бұл орталық осы бағдарламаны және облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тікелей тапсырмасын орандау аясында ашылып отыр.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры С.Қожаназарованың айтуынша, жаңа ашылған цифрландырылған ақпараттық орталықта оқырмандарға барлық жағдай жасалған.
Мұнда кез келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға, шахмат, дойбы ойнауға мүмкіндік бар. Жеке және топпен жұмыс істеуге арналған орындармен, тегін ғаламтор қызметімен, өзге де қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Компьютерлер, планшеттер мен өзге де құрылғылар қазіргі талаптарға сай. Сондай-ақ адамдар емін-еркін сұхбаттасып, әңгімелесуге де болады, – дейді ол.
Орталықты ашуға жергілікті бюджеттен 3 миллион 800 мың теңге бөлініп, бес компьютер, бес планшет, бір 3/1 принтр, бір түрлі түсті принтер, бір смарт-телевизор, музыкалық аппарат, жайлы орындықтар мен соңғы үлгідегі кітапхана жиһаздары алынды.
«Aq jol-Aqparat».
Сарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




