Ауғанстанның шығысында жүзден астам адам қаза болды
Ауғанстанның шығысында талибтермен соғыста 100-ден астам адам қаза тапқан.
“Елдің шығысындағы Газни провинциясында "Талибан" радикалды қозғалысының содырлары мен Ауғанстанның қорғаныс күштері арасында қақтығыс болып, соның салдарынан 103 адам қаза тапқан, 133 адам жарақат алған” деп Ауғанстанның жергілікті арналары хабарлады.
Құрбандардың 90-ы - ауған солдаттары, қалған 13-і бейбіт тұрғын болған. Содырлар жағында да біраз адам өлген. Олардың саны әзірге, белгісіз.
Түрлі ақпарат көздері талибтердің қазір Газни қаласының басым бөлігіне иелік етіп отырғанын айтады. Қаладағы тек губернаторлық кешен мен бірқатар ғимараттарды ғана Ауғанстан әскерилерінің бақылауында.
Жергілікті арналардың хабарлауынша, талибтермен қақтығыс жұма күні таңертең басталған. Жүздеген талибан өкілі Газни қаласына басып кіріп, ауған әскерилеріне қарайтын бөліктерді тартып алуға тырысқан. Қазір қала іші мен сыртында қақтығыстардың жалғасып жатқаны хабарланды.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




