білім бәсекесіне 86 мемлекеттен 700 үміткер қатысуда
Астанада Назарбаев Университетінің базасында оқушылар арасында физикадан 45-халықаралық олимпиада өтуде. Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің айтуынша, білім бәсекесіне әлемнің 86 елінен 700-дей адам қатысуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды. Халықаралық физика олимпиадасының президенті Ханс Йорданс дарынды балаларға қолдау көрсету, жастарға ғылым мен білімді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған олимпиадада ғылымдағы ілгерілеу көрініс беретінін айтады. «Физикадан қазақ оқушыларының құрамасы халықаралық аренада жақсы деңгейден көрініп, елдің атын шығаруда. Мәселен, осындай бір додада қазақстандықтар мүмкін болған 25 медальдің 24-ін жеңіп алған. Олар 2009 жылы екеу, 2011 жылы 3 алтын медаль олжалады», – дейді Ханс Йорданс. Биылғы білім бәсекесінде бірнеше рет халықаралық олимпиадаларда жеңімпаз атанып, жүлдеге қол жеткізген Әмір Біралин, Данат Иса, Нұрбек Дінмұхаммед, Тұрсынбек Нұрислам, Дәулет Құрмантаев қатысуда. Оларға зор сенім артылған. Жамбылдықтар да Данат Исадан үлкен үміт күтеді.
Ардақ Үсейінова,
"Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
2025-2026 оқу жылының бекітілген кестесі жарияланды
- 28 шілде, 2025
Дипломдық жұмысына желтоқсан көтерілісін арқау еткен жас
- 22 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді