Йеменде әуе шабуылынан ондаған бала жараланды
Йеменнің хусит көтерілісшілері бақылайтын аумағында Сауд Арабиясы бастаған коалиция әскерінің әуе шабуылынан 60-тай бала қаза тапты. Халықаралық Қызыл Крест ұйымының хабарлауынша, Йемендегі ұйым командасы көмектесіп жатқан ауруханаға 15 жасқа толмаған 29 баланың денесі жеткізілген және арасында 30 бала бар - 48 жаралы адам түскен.
Балалар мінген автобус Саада провинциясының Дахиан қаласында базар маңында әуе шабуылына ұшыраған. Хусит көтерілісшілерінің денсаулық сақтау министрлігі шабуылдан барлығы 43 адам қаза тауып, 61 бала жараланғанын мәлімдеді. Батыс елдері қолдайтын коалиция әуе шабуылы әскери іс-қимылдар аясында жасалғанын және ол содан бір күн бұрын Сауд Арабиясының қаласына зымыран атқан хусит көтерілісшілерін нысанаға алғанын мәлімдеді.
Йеменде соңғы төрт жылда Сауд Арабиясы мен оның сүннит одақтастары Иран қолдайтын хуситтерге қарсы әскери операция жүргізіп келеді. Хуситтер Йеменнің солтүстік бөлігін, оның ішінде ел астанасы Сананы бақылауда ұстайды. Соғыстан әрқилы есеп бойынша, 10 мың адам қаза тапты.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




