"Шұғыл байланыс» заңға қайшы контентпен күреседі

"Шұғыл байланыс» заңға қайшы контентпен күреседі
ашық дереккөз
"Шұғыл байланыс» заңға қайшы контентпен күреседі

«Қазақстанның Интернет Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі «Шұғыл байланыс» жобасы бойынша заңға қайшы контентке қарсы тұру үшін құрылып, осы бағытта жұмыс істеуде.

Негізгі мақсаттары – ғаламтор арқылы ұлттық сегментті танымал қылып, қолданушылардың сұраныстарымен де есептесіп гармониялық ортаны дамытуға атсалысу. Сол үшін қазақстандық сегментке жүктелген видео, аудио және басқа да адамның намысына тиетін өрескел материалдар жүктелген веб-ресурсқа сілтеме түрінде хабарлама қалдыра алатын www.safekaznet.kz интернет-ресурсы құрылды. «Шұғыл байланыс» мамандары барлық хабарламаларды қарап, ақпарат расталған жағдайда, тиісті шара қолдану үшін дереу интернет-ресурстың иесімен немесе оның хостинг-провайдерімен байланысады. «Шұғыл байланыс» заңға қайшы контентке қарсы тұру режимінде жұмыс істейді. Телефон арқылы да қолжетімді, сол арқылы қолайсыз контентті көру және жою мүмкіндігі бар. «Шұғыл байланыс» жобасы заңға қайшы контентке байланысты ақпараттарды хабарлау бойынша Қазақстандағы алғашқы әлеуметтік бірлестік болып табылады. «Шұғыл байланыстың» мақсаты – Казнетті заңға қарсы және агрессивті контенттен тазарту, интернет-бизнес қолданушылары мен өкілдеріне заңға қарсы материалдардың тарамауына жәрдем ету. Шұғыл байланыс интернет желісі қолданушыларынан мәлімдеме қабылдап, мазмұнын талдап, мекен-жайлық және техникалық сипаттама дайындайды, одан кейін сәйкес ақпаратты қазақстандық провайдерлер мен интернет-ресурс иелеріне мұндай контентті жою немесе бұғаттау бойынша сәйкес шаралар қолдану үшін жібереді. Қылмыстық заңдардың бұзылғанының нышандары бар болған жағдайда заңға қарсы ресурстар туралы ақпарат құқық қорғау органдарына жеткізіледі. Өз әрекеттерін де отандық интернет-индустрияның барлық үздік өкілдерімен әрекеттеседі, сонымен қатар жалғыз қазақстандық «шұғыл байланыс» болып табылады. Мұндай шұғыл байланыстар әлемнің басқа елдерінде осы мақсатта белсенді жұмыс істеп, пайдаларын тигізуде.

Ұқсас жаңалықтар