Ресейде қазақстандық жігіт өртеніп жатқан автобустан 50-ге жуық адамды құтқарып қалды

Ресейде қазақстандық жігіт өртеніп жатқан автобустан 50-ге жуық адамды құтқарып қалды
ашық дереккөз
Ресейде қазақстандық жігіт өртеніп жатқан автобустан 50-ге жуық адамды құтқарып қалды

Қазақстандық 37 жастағы Ержан Амарханов ресейлік телеарналардағы сюжеттердің жұлдызына айналды. Грек-рим күресінің бапкері өрт шыққан автобустан 48 жолаушыны құтқарып қалған. Олар сол кезде Қазақстаннан Ресейге жол жүріп бара жатқан, - деп хабарайлайды Вести.ru.

Басылымның мәліметінше, осы жексенде жолаушылар пойызы Семейден Новосібірден шыққан. Сол түні автобустан өрт шыққан. Ол сәтте жолаушылардың барлығы ұйықтап жатқан Ал Ержан Амарханов алғашқылардың бірі болып оянып кеткен екен. Ол бірден жолаушылардың барлығын оятып, бұғатталған есіктерді ашқып, адамдарды құтқара бастаған. 

"Ержан болмағанда және ол мені және әпкемді оятпағанда біз қайтыс болып кетер едік. Ержан балалардың барлығын шығарып, автобус есіктерін сындырды", - деп еске алды жолаушылардың бірі Кирилл Рявкин.

"Ең бастысы барлығы аман-емес. Құжаттарым, көші-қон картам, жеке куәлігім және ақшалар сонда қалды", - дейді Ержан Амарханов бүкіл құжаттарының өртеніп кеткенін айта отырып.

Көші-кон басқармасының қызметкерлері өз кезегінде ер адамға көмектесіп, құжаттарды жедел түрде рәсімдеп берді. Ержанға Новосібір облысы бойынша қозғалу және паспортын қайта жасату үшін Омбыдағы консулдыққа дейін жетуге анықтама берілді.

tengrinews.kz

Ұқсас жаңалықтар