Қордайда қылмыскерлерді ұстау үшін қосымша күш жіберілді

Қордайда қылмыскерлерді ұстау үшін қосымша күш жіберілді
ашық дереккөз
Қордайда қылмыскерлерді ұстау үшін қосымша күш жіберілді
Жамбыл облысы Қордай ауданында тапа-тал түсте үй тонайтындар әлі қолға түспей отыр. Сондықтан орталықтан қосымша күш құрылымдары жіберілді. Бұл туралы облыстық ІІД сілтеме жасаған

Полицияның дерегінше, қарақшылар үш адамнан көп емес. Ауданда жарты айда он шақты үй тоналған. Оларлың әрекетінен халық үрейленіп қалған. Өңірге барған облыс прокуроры мен ІІД бастығы жұртты сабырға шақырған.

"Қордай ауылына қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ІІД-нен қосымша 70 қызметкер, оның ішінде атты полицейлер, сондай-ақ, 15 автокөлік және 10 қызметтік іздестіру иті жолданылды. Олар күндіз-түні патрульдік жасаққа шығып күзетуде. Сондай-ақ, облыстағы ең тәжірибелі полиция қызметкерлерінен осы істі ашуда тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", - дейді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Айта кетейік, жуырда қарақшылар ерлі-зайыпты зейнеткердің үйін үптеп кеткен. Үй иесін соққыға жыққан. Ауыр жарақат алған 68 жастағы Владимир Бойко ауруханаға түсіп, екі аптадан кейін қайтыс болды.

Осы жағдайдан соң жергілікті тұрғындар жаппай наразылық танытып, тәртіп сақшыларының әрекетін сынға алған еді.

 

nur.kz

Ұқсас жаңалықтар