ҚБТУ 11,3 миллиард теңгеге сатылып жатыр
Қазақстан-Британ техникалық университетінің акциялары 11,364 миллиард теңгеге сатылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Лот электрондық сауда алаңында жарияланды. Айта кетейік, ҚБТУ-ны "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы басқарады.
Барлық акцияның бастапқы бағасы - 11,3 миллиард теңге. Сауда түрі - ағылшын әдісі бойынша бағаны жоғарылату.
ҚБТУ-ның ғимараттары үш жерде орналасқан: басты ғимарат - Төле би көшесі, № 59 үйде, екіншісі Уәлиханов көшесі, № 106 үйде орналасқан "Бектұров атындағы химия институты" АҚ және Қонаев көшесі, № 142 үй, "Д.В.Сокольский атындағы Жанармай, катализ және электрохимия ғылыми-зерттеу институты"АҚ.
Сондай-ақ, осы акцияларды сатып алушының 10 жыл уақыт бойы профильдің қызметін сол күйі сақтап, жалғастыруы міндеттелетіні айтылады.
Бұдан бөлек, сатып алушы жатақханалардағы студенттердің бөлмелеріндегі жағдайды бес жыл бойы сол күйі сақтап, ғимараттардың барлығын білім және ғылым қызметтерін көрсету мақсатында қолданып, екі жыл уақыт ішінде мүліктерді иесіздендіріп, оны кепілге қоя алмайды.
Саудалар 2018 жылдың 6 қарашасында белгіленді.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




