Жаңалықтар
Төле, Қазыбек және Әйтеке билердің аты берілген шыңдарды альпинистер бағындырады
- author «Ақ жол»
- 10 тамыз, 2018
- 709
Төле, Қазыбек және Әйтеке билердің аты берілген шыңдарды альпинистер бағындырады
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы «Сайрам-Өгем» ұлттық паркі аумағындағы үш шыңға Төле, Қазыбек және Әйтеке бидің аттарымен аталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңірле «Бұл - біздің таулар!» фестивалі басталды. Үш күнге созылатын іс-шара «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында өтеді. Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен қолға алынған фестивальге Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан облыстарынан және Шымкент қаласынан 30-ға жуық альпинист арнайы келді. Биік шыңдарды бағындыруға бет алған альпинистерге Түркістан облысының ақсақалдары батасын беріп, салтанатты түрде шығарып салды.
Бұл іс-шараның мақсаты - ішкі, спорттық-экологиялық туризмді дамыту, облыстың туристік әлеуетін насихаттау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру. Биылғы фестиваль қазақ халқының ұлы қайраткерлері - Төле, Қазыбек және Әйтеке биге арналған. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 3 шыңға 3 бидің аты беріліп, альпинистер сол 3 шыңды бағындырады.
Фестиваль аясында велошеру және ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтеді. Сонымен қатар, концерттік бағдарлама да бар. kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




