«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тілге құрмет департамент талғамайды

Тілге құрмет департамент талғамайды
ашық дереккөз
Тілге құрмет департамент талғамайды

Облыс бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде іс жүргізу Тіл туралы Заңға, сондай-ақ, агенттіктің қаржы полициясы органдарында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің 2011-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары мен нұсқауларына сәйкес жүргізілуде. Департаментте арнайы жабдықталған, тіл үйренуге барлық жағдай жасалған «Қазақ тілі» кабинеті бар. Қызметтік қажеттіліктерге 90 кәсіби сөздік кітап пен 10 аудиодискі де қолданылады. Ғимаратта ұлттық идеологиямызды насихаттайтын арнайы бұрыш та жабдықталған. Ресми құжаттарды дайындау үлгілері бар стендтер де ілінген. Сонымен қатар, қызметкерлердің компьютерлеріне мемлекеттік тілде іс жүргізуге қажетті электронды сөздік нұсқалары орнатылған. Жалпы, алғанда мемлекеттік тілдің жұмыс бабында пайдаланылуы үшін барлық жағдай жасалған. Соның нәтижесінде, департаменттегі құжат жүргізудегі мемлекеттік тілдің үлесі 98 пайыздан асатын деңгейге жетті. Тағы бір айта кетерлігі, қаржы полициясының мамандары тек мемлекеттік тілде құжаттарды дайындап қоймай, олардың мәтіндерінің сауаттылығы мен дұрыстығына баса көңіл бөледі. 

Мемлекеттік тіл мәселесі департаменттің аппараттық мәжілістері мен әскери дайындық сабақтарында да қаралып, талқыланып тұрады. Ал, мемлекеттік тілдің іс-жүргізудегі статистикалық көрсеткіштерін сараласақ, 2013 жылы шығыс құжаттарының саны – 14 910 болса, оның ішінде мемлекеттік тілде әзірленгені – 14 785, яғни 98,6 пайыз. Ал, ағымдағы жылдың бес айында шығыс құжаттары – 4225 болса, оның ішінде мемлекеттік тілде әзірлегені – 4146, яғни 98,8 пайыз. Қорыта айтарым, қаржы полициясында мемлекеттік тілдің үлес салмағы артып келеді және алдағы уақытта жүз пайызды межелеп отырмыз.

Ләззат Ақылбек,  облыс бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің мемлекеттік тілді дамыту бойынша бас маманы.

Тараз.

Ұқсас жаңалықтар