Жаңалықтар
Президент Кубогында Қазақстан хоккей құрамасы «Нефтехимиктен» ұтылып қалды
- author «Ақ жол»
- 9 тамыз, 2018
- 1.1k
Президент Кубогында Қазақстан хоккей құрамасы «Нефтехимиктен» ұтылып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Барыс Аренада» дәстүрлі «ҚР Президентінің Кубогы» маусымаралық турнирі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM»-ға сілтеме жасап. Турнир беташарында Қазақстан құрамасы мен Татарстанның Андрей Назаров бастаған «Нефтехимик» командасы кездесті.
Қазақстандықтардың турнирдегі алғашқы голы үшінші кезеңде ғана соғылды. Артем Лихотников сол қапталдан келіп соққы бағыттады, қақпадан серпілген шайбаға да өзі бірінші жетті. Бұл кезде татарстандықтар 2:0 есебімен алда келе жатқан болатын. Есеп 2:1 болған соң қонақтар ойын қарқынын үдете түсіп, тағы екі шайба соқты.
Еске сала кетейік, Нижнекамскінің «Нефтехимигі» былтыр Президент Кубогын жеңіп алған болатын.
19:30-да елордадағы аренада «Барыс» пен Хабаровскінің «Амур» командасы күш сынасады.
kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




