Шахан екі жылға жуық уақыт 1993 жылы туылған Ұлданамен бірге азаматтық некеде тұрды. Кейін, екеуінің арасында келіспеушілік орын алып, айырылысып кетті.
Міне, енді оның Ұлдананы аңдып жүргеніне бір аптадай болды. «Бүгін қалайда қолыма түсірем», деп қояды іштей өз-өзіне. Сөйтіп, танысы Айдынның көлігімен зауытта жұмыс істейтін қызға барады. Жол-жөнекей сыралатып та алды. Кешкі сегіздер шамасында зауыттан шығып, көше бойлап кетіп бара жатқан Ұлдананы ұстап алып, оның қарсыласқанына қарамай, шашынан сүйреп, көлікке отырғызады. Досына ауыл сыртында орналасқан алма бақтан түсіріп кетуін өтінеді. Сол жерде қызды тағы күштеп көліктен түсіріп алған соң, адам жоқ жерге апарып, бірнеше рет жұдырықтап алады. Өз еркімен жыныстық қатынасқа түспесе, сол жерде өлтіріп, көміп кететіндігін айтып қорқытып, ақыры дегеніне жетеді. Мұнымен шектелмеген Шахан оны адам танымастай етіп, жұдырығымен бетінен ұрып кетеді. Бойжеткеннің ұялы телефонын қымқыруды да ұмытпайды. Бұл оқиғадан соң, Ұлдана мүгедек болып, өмір сүруге деген үмітін де үзді. Дегенмен, қанішер жазадан сытылып кете алмады. Облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот жігітті жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Жания Байсеитова, облыстық соттың баспасөз қызметкері.
Ұқсас жаңалықтар
Дропперліктен аулақ бол!
- 6 желтоқсан, 2025
Тараптар арасындағы дау медиациямен шешіледі
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




