Тараз қаласының тұрғыны Г. Шойынбеков елдің малын ұрлап, оңай жолмен пайда табуды армандайды. Оны жүзеге асыру үшін үйіне ағасы Н. Шойынбековті, танысы А. Әлімжановты шақырып алып, сол ойы бойынша жоспар жасап, ұйымдасқан қылмыстық топ құрады.
Ол жоспар бойынша А.Әлімжанов ұрлайтын жылқыларды тауып, жайылымнан автокөлікке артуға ыңғайлы жерге дейін айдап келуі, ал Н. Шойынбеков ұрлықы малды тасымалдау үшін жүк автокөлігін ұйымдастыруы қажет болады. Сөйтіп, көп ұзамай А. Әлімжанов Ғ. Шойынбековке қоңырау шалып, оны 3 302 000 теңге тұратын 11 бас жылқыны ұрлау үшін Дегерес ауылына шақырған. Ағайынды екеу уәде бойынша түн ішінде жүк көлігімен ауыл шетінде орналасқан бос тұрған жылқы фермасына келіп, дайын тұрған жылқыларды артып әкетеді. Олар 11 жылқының тоғызын Жамбыл ауданындағы Қызылшарық ауылына әкеліп, белгісіз тұлғаға сатып жібереді. Кейін келіскендей, бұл олжадан А.Әлімжанов жүз мың теңге үлесін алады. Осылай оңай олжаға дәніккен барымташылар бірнеше мәрте мал ұрлайды. Мәселен, бірде – 14, бірде – 6, бірде – 17 жылқыны барымталап кетіп жүрді. Кейін, А.Әлімжанов өзінің танысы А. Бакырденовке де Мойынқұм ауданындағы жылқы ұрлау жорығына қатысуды ұсынып, оның келісімін алады. Өзі қай жерден, қалай ұрлау керектігі жайлы ақпарат жинап, жоспарлайды. Бірде, топтарының ұйымдастырушысына Хантау кентінің маңында орналасқан «Теректі» мал жайылымындағы А. Бекқұлиевтің меншігіндегі 19 жылқыны ұрлауға болатындығын айтады. Сонымен қақаған қыста түн ортасында жайылымдағы жылқылардың қараусыздығына көз жеткізген үшеуі, Тараздан Н.Шойынбековті шақырады. Осылай, амалын тауып үйір жылқыны көлікке артып, табандарын жалтыратқан. Бұл олжадан А. Әлімжанов 300000 теңге, ал, А. Бакырденов 250000 теңге үлесін алады. Осылай, екі жылдай біреудің ақ адал малын ұрлап, тұрғындарды қан қақсатқан ұрылар құқық қорғау органының құрығына түспей қоймады. А.Бекқұлиевке 11 жылқысы қайтарылды. Жалпы, ұйымдасқан топ бес рет қылмыс жасап, 67 бас мал ұрлап, жәбірленушілерге 14 504 000 теңге шығын келтірген. Сот барысында, сотталушылар соңғы қылмысын ғана мойындап, қалған қылмыстарға қатысы жоқтықтарын мәлімдеді. Алайда, олардың кінәлары сотта толық дәлелденіп, қылмыстық жауаптылықтан жалтару ойларынан түк шықпады. Сонымен, Шу аудандық сотының үкімімен аттары аталған төрт азамат кінәлі деп танылып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.
Ердос Бердіқұлов, Шу ауданаралық прокурорының көмекшісі, екінші сыныпты заңгер.
Шу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді