Жаңалықтар
АҚШ киноакадемиясы "Оскар" сыйлығына жаңа номинация енгізді
- author «Ақ жол»
- 9 тамыз, 2018
- 668
АҚШ киноакадемиясы "Оскар" сыйлығына жаңа номинация енгізді
Америкалық киноакадемияның басқарушылар кеңесі "Оскар" сыйлығына "Үздік танымал фильм" номинациясын қосуды қолдап дауыс берді, - деп хабарлайды IndieWire интернет порталы.
"Танымал кинодағы ерен еңбек үшін жаңа категория шығарамыз. Таңдау және басқа да талаптар бойынша кейінірек хабарлаймыз", - делінген Академия басшыларының хаттамасында.
Жаңа категориядан бөлек, киноакадемия марапаттау рәсіміне де бірқатар өзгерістен енгізеді деп хабарланды. Ендігіде танымалдығы аз категориялар телеарнада тікелей эфирде көрсетілмейтін болады. Бұл эфирдегі салтанатты рәсім уақытын азайтады.
Сонымен қатар, 92-ші марапаттау рәсімі өзге кинопремиялардан алға шығу үшін, хабарланғандай 2020 жылы 23 ақпанда емес, 9 ақпанда өтеді. Ал 91-ші марапаттау рәсімінің уақыты сол қалпында қалады. Ол 2019 жылы 23 ақпанда Лос-Анджелестегі Dolby театрында болады.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




