Жаңалықтар
Жамбыл облысында вагондардың рельстен шығып кету себебі аталды
- author «Ақ жол»
- 9 тамыз, 2018
- 595
Жамбыл облысында вагондардың рельстен шығып кету себебі аталды
Жамбыл облысында жүк вагондарының рельстен шығып кетуінің себептері аталды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық компаниядағылардың айтуынша, 31 шілдеде Сарышаған-Шығанақ теміржол телімінде жүк вагондарының жолдан шығып кетуіне қатысты "ҚТЖ" ҰК" АҚ мамандары, "Азовэлектросталь" ЖАҚ (Украина), "Инсткомтранс" ЖШС өкілдерінің қатысуымен тергеу амалдарын өткізді.
"Тексеру көрсеткендей, 28-вагонның бүйір жақтаушасының жарықшағы апатқа себеп болған. Аталмыш ақаулы жақтаушаны 2009 жылы "Азовэлектросталь" ААҚ шығарған. Вагонның меншік иесі - "Исткомтранс" ЖШС екендігі анықталды. Қазіргі қолданыстағы ҚР Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік тәртібінебайланысты болған оқиғаға "Азовэлектросталь" ААҚ тарапына тіркелді. "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ына келтірілгенбарлық шығындар заңдық негізде вагонның меншік иесі "Исткомтранс" ЖШС-нен талап етілді, - деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ өкілдері.
Еске сала кетейік, 31 шілдеде Жамбыл облысында жүк вагондарының рельстен шығып кеткені хабарланған еді. Компания өкілдерінің айтуынша, апаттан келген шығынды жүк вагондарының иесі өтейді.
tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




