Мексикалық миллиардер Карлос Слим жер бетіндегі ең бай адам деп саналады, деп хабарлады Forbes журналы.
Басылым деректерінше, оның қазынасы 79,6 миллиард долларға бағаланған. Бұл осыған дейін байлардың көшін бастаған Билл Гейтстің (79,1 миллиард доллар) қазынасынан 500 миллион долларға көп.
Бұған Слимнің Мексикадағы телекоммуникация саласында негізгі орынды алатын America Movil компаниясы активі құнының өсуі себеп болған. Telmex және Telcel мобильді операторлары активтерінің бөлінуі туралы хабар тарағанда акция бағасы көтерілген. Мексиканың жаңа заңнамасының талаптары осындай - бір операторға байланыс нарығының 50%-дан артық мөлшерін иемденуге тыйым салынады.
Слимнің бизнесі телекоммуникациямен байланысты. Ол Мексиканың ғана емес, Латын Америкасындағы өзге елдердің де байланыс саласын өз бақылауында ұстап отыр. 2013 жылы ең бай адамдардың тізімін бастап тұрған Слимді Билл Гейтс екінші орынға ығыстырған. Енді Слим бұл атағын қайта иемденді.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




