«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Алты айда атқарылған жұмыстар ауқымды

Алты айда атқарылған   жұмыстар  ауқымды
ашық дереккөз
Алты айда атқарылған жұмыстар ауқымды
Ағымдағы жылдың алты айында облысымызда атқарылған жұмыстар көлемі ауқымды. Оған жыл басынан бері қолға алынған баянды бастамалар, жаңа форматтағы жиналыстар, облыс бюджетін оңтайландыру шаралары және барлық бағыт бойынша бекітілген индикаторлық көрсеткіштер айғақ бола алады. Нақты қойылған талап пен жүктелген жауапкершіліктер өңірдегі барлық салаға серпін сыйлағаны сөзсіз. Соның нәтижесінде облыстағы әлеуметтік-экономикалық даму бір ізге түсе бастаса, өзге де бағыттағы өркенді істерге көз куә. Оның бір дәлелі ретінде облыс орталығындағы қала ажарын ашуға негізделген қарқынды шараларды айтсақ та жеткілікті. Жоғарыда айтып өткендей, жұмыстың жемістілігін еселеу мақсатында жыл басында облыс пен аудандар әкімдері, басқармалар мен аудан әкімдіктері арасында келісімді индикаторлық көрсеткіштер бекітілген болатан. Сол бойынша облыс басшысы Асқар Мырзахметов екі аптада он ауданды аралап, міндетті межелердің орындалу барысын барлады. Сондай-ақ аудандардың ахуалын арттырып, шаруасын шалқытуға кедергі болып отырған мәселелерді талқылап, кемшілікке кеңшілік болмайтынын ескертіп, жауапты тұлғаларға жұмысты жандандыруды тапсырды. Аймақтардың әлеуетіне қарай өнімділікті өсіру міндеттелді. Жарты жылдықтың қорытындысы қаралған мұндай жиын облыс орталығы – Тараз қаласында да өтіп, түйінделді. Кеше Асқар Исабекұлы облыс бойынша алты айда атқарылған жұмыстар туралы алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма бесінші сессиясында жан-жақты баяндады. Облыстық мәслихаттың депутаты Мұратхан Шүкеев төрағалық еткен басқосуда халық қалаулылары алдында есеп берген өңір басшысы өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалу барысына тоқталды. Әлеуметтік-экономикалық дамуда оң көрсеткіштер бар Құрметті депутаттар! Жарты жылда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы оң сипатталып отыр. Бірінші тоқсанда жалпы өңірлік өнім 8,4 пайызға өсті (265,0 миллиард теңге). (2017 жылдың І тоқсанында 231,4 миллиард теңге НКИ – 100,5 пайыз). Бұл – республикада алдыңғы үштік қатарындағы көрсеткіш. Алты айдың ресми деректері әлі шыққан жоқ. Сондықтан ай сайын қаралатын қысқа мерзімді экономикалық индикаторды айтатын болсақ, алты айдың қорытындысы 108,6 пайызды құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 3,4 пайызға жоғары. Өнеркәсіп саласындағы өсім – 11,1 пайыз, ауыл шаруашылығында – 4,2 пайыз, құрылыста – 18,8 пайыз, жүк тасымалында – 8,4 пайыз, байланыста – 6,2 пайызды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция 4,4 пайызға өсті. Инфляция 2,3 пайызды құрады, бұл 2017 жылдың тиісті кезеңінен 0,9 пайызға төмен. Бірінші шілдеге облыс бюджетіне 124 миллиард теңге кіріс кіріп, жоспар 103,5 пайызға орындалды, өзіндік кірістер 28 миллиард теңгеге немесе 17,7 пайызға артты. Басты көрсеткіштердің қысқаша сипаттамасы осындай. Арнайы регламент бюджет тиімділігін арттырады Әкімдіктің жұмысын тиімді қалыптастыруға, жүйені дамытуға байланысты атқарылған жұмыстарға тоқталсақ, бірінші кезекте бюджеттің тиімділігін арттыру үшін арнайы регламент қабылданды (2018 жылғы 27 наурыздағы №50 қаулы). Регламентте жобаларды іске асыру үшін жер телімін бөлуден және жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындаудан бастап, құрылыс жұмыстарының аяқталуына дейінгі толық алгоритм анықталған. Ендігі кезекте инвестициялық жобалар «бірінші кезектегі қажеттілігіне» байланысты бюджетке енгізіліп, тек сол жобаларға ғана құжаттар дайындалып, іске асырылатын болады. Себебі талдау көрсеткендей, құрылыс және жөндеу жұмыстарын бейберекет жоспарлау, әзірленген ЖСҚ-ның іске асырылмауына, бюджеттің тиімсіз жаратылуына әкеліп соғуда. Айталық 2013-2017 жылдары, яғни соңғы 5 жылды қарайтын болсақ, 221 ЖҚ дайындауға 1,4 миллиард теңге қаралып, түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген. Бүгінгі күні 19 жобаның (44,2 млн.тг) 3 жылдық мерзімінің өтіп кетуіне байланысты, жарамсыз болып қалған. Жалпы осындай жоспарлаудан әзірленген ЖҚ-ны өзгертуге немесе қайта әзірлеуге бюджеттерден қосымша 345 миллион теңге қаржы бөлінген. Қазір осы регламент талабына сәйкес, барлық салада құрылыс нысандарын «өзектілікке қарай жоспарлау Картасы» әзірленуде. Сонымен қатар денсаулық сақтау, білім мен мәдениет және спорт салаларында құрылыс жұмыстарының көлемі мен қажеттілігі айқындалып отыр. Салынатын нысандардың құнын оңтайландыру үшін құрылыстың параметрлеріне қатысты талаптар бекітілді. Мәселен, бұрын медициналық фельдшерлік пункттердің, дәрігерлік амбулаториялардың құны 65-90 миллион теңге көлемінде болса, оңтайландырудың нәтижесінде 30-45 миллион теңге көлемінде болып отыр. Қаржысы 2 есе үнемделуде. Осындай талдау спорт және мәдениет саласы бойынша да жасалынып, үлгілік нысандар бекітілді. Нәтижесінде спорттық сауықтыру кешенінің құны 227 миллион теңгеден 115 миллион теңгеге дейін оңтайландырылды. Сол сияқты, ауылдық клубтың бағасы 200 миллион теңгеден 70 миллион теңгеге дейін ықшамдалып отыр. Білім саласында да жобаланатын нысандарға бірыңғай параметрлер бекітілді. Облыста бүгінгі таңда 311 ЖҚ әзірленуде. Оның 133-і алдын ала құны анықталған жоба. Осы 133 жобаны регламентте бекітілген параметрлерге сәйкес талдағанда 10 миллиард теңгеге жуық бюджет қаражатын үнемдеуге болатыны анықталды. Бүгінде осы жобалар бойынша оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде. Кеше аудандарды аралағанда бұл жобалар айтылды. Айталық, Жуалы ауданында 80 орындық мектептің алғашқы құны 620 миллион теңге болса, енді 290 миллион теңгеге дейін қысқартылып отыр. Қордай ауданында 150 орындық мектептің құны 962 миллион теңгеден 465 миллион теңгеге дейін төмендетіліп отыр. Ал Мойынқұм ауданындағы Радай каналы арқылы жоспарланған көпірдің құны 960 миллион теңгеге, 3 есеге дейін азайып отыр. Сол сияқты, осындай жобалар барлық аудандарда бар. ЖҚ құнының жоғары болуының тағы да бір факторы – ол сәулет жоспарлау тапсырмасының басынан дұрыс әзірленбеуі. Оның алдын алу үшін регламентте нысанның инфрақұрылымға қосылу нүктелеріне жақын болуы, орналастыру жерінің дұрыс таңдалуы, техникалық шарттардың қолданыстағы инфрақұрылым жүйелеріне сәйкес болуы туралы талаптар бекітілді. ЖҚ дайындау мерзімі анықталды. Бұрын жылдың аяғына дейін дайындала берген болса, енді келесі жылдың бюджетінің жобасы қаралғанға дейін әзірленеді. Бұл, кемінде, бір жылды ұтуға мүмкіншілік береді. Егер ЖҚ сапасыз жасалған жағдайда, оны пысықтау немесе қайта жасау және сараптамадан өткізу жобалаушының есебінен болады. Ал нысанда пайда болған кемшіліктер мен ақауларды жою мердігердің есебінен келесі принцип бойынша жүргізіледі: тауарлардың құнынан бірінші жылы – 20 пайыз, екінші жылы – 15 пайыз, келесі жылдарда – 10 пайыз тұрақсыздық төлем төленеді. Сол сияқты, мердігерге қойылатын кепілдік мерзімі 3-тен 5 жылға ұзартылды. Жергілікті бюджеттің салық базасын кеңейту мақсатында басқа өңірлерде тіркелген 14 жер қойнауын пайдаланушы облыста қайтадан тіркелді. Нәтижесінде, жергілікті бюджетке жылда 150 миллион теңгеге қосымша түсімдер түсіп отырады. Жалпы бюджеттің кірісін көтеру бойынша аудан, қала әкімдері кіріс департаментімен бірге арнайы жоспар бекітіп, салықтың, кірістің әлеуетіне сәйкес мақсатты жұмыс істейтін болады. Бұл – бюджет саласына қатысты қабылданған жүйелі шешімдер. Кәсіпорындар жағдайын карта көрсетеді Өнеркәсіп саласында кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, арнайы карта әзірленді. 628 кәсіпорын іріктелініп, олардың жағдайына талдау жүргізілді. Нәтижесінде, 27 кәсіпорын қаржылай емес қолдауды, ал 32-сі қаржылай қолдауды қажет ететіні анықталып, проблемалар жүйеленді. Астанада тиісті министрліктердің, қаржы институттарының қатысуымен картаны қарау арнайы ұйымдастырылды. Нәтижесінде, «Бәйтерек» холдингіне жалпы құны 51,3 миллиард теңгені құрайтын 34 кәсіпорынның құжаттары тапсырылды. Қазіргі таңда бірінші кезекте 11 кәсіпорынға 8,1 миллиард теңге көлемінде несие бөлу қаралуда. Ал жалпы сомасы 11,3 миллиард теңгені құрайтын 18 кәсіпорынның құжаттарын «Даму» қоры өз қарауына алды. Банктердің қарауына 12 жоба ұсынылды. Бүгінгі күні «С.П. «РОЛА-ЯН» ЖШС және «ROLA–7» ЖШС-ның жобалары 250 миллион теңгеге қаржыландырылды. 7,7 миллиард теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Сонымен қатар мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде мемлекеттік сатып алуда, әсіресе құрылыс саласында, жергілікті қамту мәселесі қолға алынды. Бұдан бөлек, Тараз қаласында индустриалды аймақ құру туралы шешім қабылданды. Ол үшін алғашқы этап ретінде 40 гектар жер мәселесі шешілді. Бүгінде инфрақұрылым тарту үшін 1 миллиард теңгеге жуық қаржы қарастырылуда. Кәсіпкерлерге бір орталықтан қызмет көрсетіледі Өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында да жұмыстар атқарылуда. Екінші деңгейдегі банктер арқылы бірінші тоқсанда 7,4 миллиард теңгеге несие берілді (2017 жылы 6,4 миллиард теңге). Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 миллиард теңгеге артық. Жалпы шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдаудың қаржылай көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2 миллиард 833 миллион теңгеге немесе 23 пайызға артты. Өткен жылдардан қарыз болып келе жатқан 500 миллион теңге субсидия мәселесі шешілді. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта қаралып, онда аудандық әкімдіктің жер қатынастары, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің, кәсіпкерлік палата, инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының өкілдері шоғырланып, қызмет көрсететін болады. Инвесторлармен жұмысты жандандыру мақсатында инвесторларға қызмет көрсету орталығының қызметі қайта қаралды, штаты көбейтілді және 116 инвестжоба дайындалды. Коммуналдық шаруашылықтағы шешімін тапқан шаруалар Энергетика саласында 24 жоба қолға алынып, оның 11-інде нақты жұмыстар жүргізілуде. Оның ішіндегі күрделісі Тараз қаласында 3 қосалқы стансасының құрылысы да жүргізілуде. Сол арқылы электр қуатымен толық қамтамасыз етілмей отырған мөлтек аудандарының мәселесі биыл толық шешіледі. Келесі маңызды мәселенің бірі – ол иесіз электр желілері мен қондырғылар еді. Енді бұл да шешімін тауып отыр. Ол үшін «Таразтрансэнерго» коммуналдық мекемесінің теңгеріміне алынып, бұл мекемеге қосымша электр қуатын тасымалдау қызметі берілуде. Бұл шешім, бұдан бөлек тарифті оңтайландыруға да өз әсерін тигізетін болады. Бүгінгі күнге 377 елді мекеннің 173-і немесе 46 пайызы газдандырылған. Осы елді мекендердің ішінде тұрғындардың 11 пайызы немесе 88 мың адам газ торабына қосылмаған, себебі көшеден үйге кіргізу құны қымбат, 150 мың теңге. Бұл мәселені шешу үшін «Жамбыл Жылу» коммуналдық мекемесіне арнайы лицензия беріліп, жұмыстың құнын 80 мың теңгеге дейін төмендеттік. Ендігі жерде 1 желтоқсанға дейін 53 мың тұрғын газдандырылады. Қалып отырған 35 мыңын қамтамасыз ету үшін ЖҚ қажет және ол бүгінде әзірленуде. Ал газдандырылмаған 171 елді мекен мәселесін шешу мақсатында 2019 жылдан бастап, үш жылда бөліп қаржыландыру үшін Энергетика министрлігіне магистральды құбыр құрылысының 43 миллиард 761 миллион теңге құрайтын 11 жобасы дайындалып, маусым айында бюджеттік өтінім берілді. Жылу жүйелерін жөндеуге 2,5 миллиард теңге қаралып, жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде. Биыл осы салада 28 қазандықты қауіпсіз жерге шығару бойынша жалпы құны 906,6 миллион теңгені құрайтын 15 нысанға ЖҚ әзірленген. (Байзақ – 1, Мойынқұм – 5, Сарысу – 6, Т.Рысқұлов – 4, Қордай – 3, Шу – 3, Талас – 4, Меркі – 2). Регламентке сәйкес талдау нәтижесінде олардың құны көтеріңкі екендігі анықталды. Құнын оңтайландыру мақсатында 320,5 миллион теңгеге модульді қазандықтар орнатылады. Оның 5-еуі алдымыздағы бюджетті нақтылауда қаржыландырылатын болады. Қалғаны келесі жылы шешіледі. Бұл қаржыны 65 пайызға немесе 586 миллион теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді. Ауызсуға келсек, қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамту көрсеткішін жыл қорытындысында 88 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз. – Тараз қаласында 356 461 тұрғынның 312 547 адамы қамтылған (87,5 пайыз); – Қаратау қаласында 29 781 тұрғынның 29 781 адамы қамтылған (100 пайыз); – Жаңатас қаласында 22 068 тұрғынның 22 068 адамы қамтылған (100 пайыз); – Шу қаласында 36 115 тұрғынның 20 684 адамы қамтылған (57,2 пайыз). Ол үшін Тараз қаласында бірқатар жобалар іске асырылуда. Қаратау қаласында 138 көп қабатты тұрғын үйлер және 56 әлеуметтік нысандарға су кестемен берілуде. Жыл аяғына дейін суды тәулігімен беру жоспарлануда. Ауылдық елді мекендерді айтатын болсақ, 373 ауылдық елді мекеннің 189-ы (50,7%) орталықтандырылған, 184-і (48,5%) орталықтандырылмаған ауызсумен қамтылған. Тасымалданатын 3 ауыл – Мойынқұм ауданында (Ақсүйек, Ақбақай, Бурылбайтал). Орталықтандырылған су құбыры жоқ 184 ауылдың 50-інде барлығы 7 мың адам тұрады. Тұрғындар аз болғандықтан жаңа су құбырын салу экономикалық жағынан тиімсіз. Бұл мәселені су тарату пункттері арқылы шешуді көздеп отырмыз. Қалған 134 ауылды 2019-2022 жылдары ауызсумен қамту жоспарланып отыр. Бұл жерде де, газ сияқты, ауызсу құбыры бола тұра, 50 мың тұрғын сол құбырға қосылмай отыр. Себебі тариф қымбат. Сондықтан бұл мәселені республикалық бюджет есебінен субсидиялау мүмкіншілігін ескеріп, құжаттар әзірленуде. Бұдан бөлек, тарифті көтермеу мақсатында, жалпы жұмыстың тиімділігін арттыру үшін облыста «бірыңғай оператор» құру ойластырылуда. Биыл 19 елді мекенді ауызсумен қамту жоспарланып отыр. Оның 9-ын көктемгі нақтылауда қостық. Асыраушы салада жұмыс жүйелі жүргізілуі керек Ауыл шаруашылығына 18,3 миллиард теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,9 миллиард теңгеге көп. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 11,1 миллиард теңгені құрап, 58 пайызға артты. Тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестиция 18,2 пайызға ұлғайып, 3,3 миллиард теңгені құрады. Жүйеге қатысты шешімдерге келетін болсақ, ауыл шаруашылығы дақылдары 650 мың гектарға орналастырылды, бұл өткен жылдан 20 мың гектарға артық. Осының есебінен қант қызылшасы, майлы дақылдар, көкөніс-бақша, картоп және мал азығының алқабы ұлғайды. Аймақты тұқыммен қамтамасыз ету мақсатында, 8 тұқым шаруашылығын ашу қажеттілігі анықталып, біреуі ашылды. Шаруашылықтарға талап күшейтілді. Нақты межелерді қоюдың нәтижесінде, элиталық тұқым үлесі 6 пайыздан 11,3 пайызға жеткізілді. Тыңайтқыштарды қолданудың да межелері белгіленіп, өткен жылғы 17 пайыздан 20 пайызға жеткізілетін болады. Жалпы саладағы мәселелерді жүйелі шешу үшін арнайы карта жасалды. Онда бірінші кезекте, егістік алқабын көбейту қаралып отыр. Кезінде егін алқабы 992 мың гектар болса, бүгін 214 мың гектар жер айналымнан шығып кеткен. Енді осы жердің 175 мың гектарын қайтаруға болатыны анықталып, оның 13 мыңын биыл қайтаруды жоспарлап отырмыз. Картада кооперативтер мәселесі де қаралған. Қазіргі уақытта 44 кооператив, оның ішінде сүт бағытында – 25, ет бағытында – 12 және басқа бағыттарда 7 кооператив жұмыс істеуде. Алдымен кооперативтерді ашудың принциптерін айқындадық. Оларды облыстағы қайта өңдеу кәсіпорындарына байладық. Нәтижесінде, 8 сүт өңдейтін кәсіпорынға қосымша 32 сүт кооперативін ашу кажеттілігі анықталды. Сол сияқты, ет бағытында 25 кооператив керектігі белгілі болды. Биыл 20 сүт, 10 ет бағытындағы кооператив ашу жоспарланған, оған қаржы бар (1,0 млрд.теңге). Оларды ашқанда, кәсіпорындардың бүгіндегі 50 пайыздан аспайтын жүктелімдерін 80 пайызға жеткізуге болады. Биыл кооперативтер 5600 тонна сүт өндіріп, сүт өңдеуші кәсіпорындардың жүктелімі 10 пайызға артты. Картада техникалармен жабдықтау да карастырылған. Есепті кезеңде 1,8 миллиард теңгеге 216 жаңа техника сатып алынып, жаңару деңгейі 3,1 пайызды құрады. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 5 пайызға жеткізілмек, ал 2021 жылға дейін 10 пайызға жеткізу жоспарланған. Суармалы жерлердің алқабын көбейту үшін каналдарды тазарту және қалпына келтіру мақсатында коммуналдық механикалық отряд құрылып, оның материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға 693 миллион теңге бөлінді. Жалпы 3-4 жылда суармалы жерлердің көлемін 96 мың гектардан 192 мың гектарға жеткізу жоспарланды, оның ішінде 54 мың гектары республика арқылы. Ол үшін «Казсушар» балансына 761 канал өткізіледі. Бүгінде жоспарға сәйкес 371 канал өткізілді. Қалған 35 мың гектар мехотрядтің есебінен болады (оның ішінде жаңадан қосылатын жер – 8,8 мың гектарды құрайды). Сонымен бірге мехотрядпен 28 шағын тоғанды қалпына келтіру және соғу арқылы 7 мың гектар жер айналымға қосылады. Жерді тиімді пайдалану мақсатында әрбір ауылдық округ кескінінде жердің құнарлық картасы әзірленіп, арнайы сайтқа орналастырылуда. Жер ресурстар туралы ақпараттарға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында облыстың жер қорының интерактивті картасы әзірленуде. Жер мониторингін жүргізу үшін «Қазғарышпен» келісімшартқа отырып, жұмыстар басталуда. Жыл басынан 104 мың гектар босалқы жер айналымға тартылып, жоспар 139 пайызға орындалды. Ветеринария саласына республикалық бюджеттен 1,3 миллиард теңге бөлініп, іс-шаралар толық орындалуда. Биыл 147,6 миллион теңгеге ветеринарлық пункттерге 29 ғимарат сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Биыл мал қораларын залалсыздандыруға 4 арнайы автокөлік сатып алынбақ. Конго – қырым қызбасына қарсы 188,8 миллион теңге бөлініп, көктемгі залалсыздандыру жұмыстары толығымен орындалды. Табиғатты қорғау декларациясы Табиғатты қорғау саласында бірқатар жобалар іске асырылуда. Соның бірден-бір маңыздысы – Тараз қаласының сарқын суларын тазартатын кешен. Бұл күрделі құрылыс болған соң, алдымен техникалық-экономикалық негіздемесі керек. Ол үшін 35 миллион теңге бөлінді. 15 тамызда жеңімпаз мекеме құрылыстың алғашқы бағасын, технологияның қалай қолданылатынын айтатын болады. Орман мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 186 миллион теңге бөлініп, 50 көлік пен арнайы техника сатып алынды. Бұдан басқа, бюджетті нақтылау барысында 48,0 миллион теңгеге қосымша қажетті техникалар алынбақ. Бүгінде браконьерлермен күресті күшейту үшін мамандандырылған жануарлар дүниесін қорғау жедел қызметі құрылуда. Оған табиғатқа жаны ашитын адамдар тартылуда. Табиғатты қорғау, заңсыз аңшылықтан бас тарту жөнінде Декларация қабылдап, облыс, басқарма, мекеме басшылары осы Декларацияға қол қойып, өздеріне тиісті міндеттемелер алды. Мәслихат депутаттарын, басқа да лауазымды тұлғаларды осы Декларацияға қол қоюға шақырамын. Жабайы жануарлар мекендейтін ортаның және өсімдіктер әлемінің жойылуына жол бермеу үшін Қордай, Шу аудандарын қамтитын аумағы 367 мың гектар «Қордай – Жайсаң» мемлекеттік табиғи қаумалы құрылуда. Бүгінгі күні оның ғылыми негіздемесі мемлекеттік сараптамадан өтуде. Сондай-ақ Жуалы, Талас және Жамбыл аудандарының аумағында «Жуалы – Қарашат» зоологиялық қаумалы үшін 148 мың гектар жер учаскелерін бөлу жұмыстары басталды. Яғни облыс аумағының жарты миллионнан астам аңшылық алқабында аң аулауға заңды түрде тыйым салынатын болады. Құрылыс жұмыстарында қарқын бар Есепті кезеңге құрылыс көлемі 42 миллиард теңгені құрады. Бұл 18,8 пайызға артық. Барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үй құрылысына 18 миллиард теңге инвестиция тартылып, 27 пайызға артты. 213 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 4,0 пайызға өсті. 15 көп пәтерлі тұрғын үй жыл соңына дейін тапсырылады. Құрылыс алқаптарын инженерлік- коммуникациялық жүйелермен қамтамасыз етуге 5,1 миллиард теңге бөлініп, 31 жоба іске асырылуда. Жүйенің жалпы ұзындығы – 135 шақырым. Білім саласында 15 нысанның құрылысы жүргізілуде. 3 нысан пайдалануға берілді. Оқу жылына 9 мектеп тапсырылады, қалғаны өтпелі. Денсаулық сақтау саласы бойынша 10 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның 9-ының құрылыс жұмыстары екінші жарты жылдықта аяқталады, 1 нысан өтпелі. Біз алғашқы медициналық көмек көрсететін ғимараттары жоқ 82 елді мекеннің мәселесін 1-2 жылда шешуді жоспарлап отырмыз. Бұл жерде, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігін қолдану арқылы мәселені тиімді шешуге болады. Биыл соның біразы шешімін таппақ. Спорт саласы бойынша 7 нысанның құрылысы жүргізіліп, бүгінгі күнге 6-ауы пайдалануға берілді, 1-еуі жыл соңына дейін аяқталады. Сонымен қатар Таразда жеңіл атлетика манежінің, көркемсурет гимнастика кешенінің, 3 сауықтыру спорт кешенінің жобалау құжатына қаржы бөлінді. Архитектура саласында Жамбыл облысы аумағын дамытудың қала құрылысы кешенді схемасын әзірлеуге кірістік. Оны жасақтауға бюджеттен 114 миллион теңге бөлінді. Әсіресе облыс орталығының сәулеттік келбетін қалыптастыруға айрықша көңіл бөлінуде. Бұл ретте, қала құрылысы кеңесінің жұмысы жандандырылып, апта сайын өткізілуде. Осы мақсатта арнайы «Сәулеттік бюро» мекемесін құрдық. Мекеме сәулетке қоса жарнама мәселелерімен де айналысады. Қаладағы саябақтар, гүлзарлар, басқа да демалыс орындарын жаңғыртуға қатысты, жалпы қаланың келбетіне байланысты 37 мәдени-тарихи демалыс нысанын іске қосу жоспары белгіленді. Бүгінде «Жеңіс», Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақтарын, «Желтоқсан» аллеясын, «Атшабар», «Балқарағай» гүлзарларын, орталық және облыс әкімдігінің алдындағы алаңдарды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Облыстық «Салтанат» сарайы, «Неке сарайы», «Өлкетану» мұражайы, «Көркем сурет» галереясы, «Қолөнер шеберханасы», «Шахристан» кешені, Талас өзені жағасындағы демалыс аймағы (14 мкр), темір жол вокзал алаңы, «Руханият» орталығы, Тектұрмас маңындағы «Тектұрмас этно-тарихи кешенін» құру, Оқушылар сарайы бойынша тиісті жобалау жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, облыс орталығының 28 көшесін реттеу, абаттандыру жұмыстары басталды. Қаладағы бағдаршамдар мен жол белгілерін, аялдамаларды, жарнамалық қондырғыларды бір типке келтіру бойынша жоспар бекітіліп, тиісті жұмыстар қолға алынуда. Автомобиль жолдары және елді мекендер көшелерін жөндеуге облыстық бюджеттен 8,1 миллиард теңге бөлінді. Оған 24 шақырым жаңа шағалды көше жолдарын салумен қатар, 384 шақырым орташа жөндеу, 1 көпірдің құрылысы және 1 жол өткелін қайта жаңғырту жоспарланған. Сонымен қатар инвестиция және даму министрлігімен тығыз жұмыс атқарылып, паритетті негізде, қосымша 7 жобаның іске асырылуына 2,3 миллиард теңге нақтылауда бөлініп, оның есебінен 100 шақырымға жуық жергілікті автожолдар жөнделмек. Осы тәжірибені облыс және аудан бюджеттерімен бірлесіп қаржыландыру үшін қолданып, Байзақ, Жамбыл, Меркі, Шу аудандарында 14 жобаның іске асырылуына 379 миллион теңге бөлінді. Осылайша, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық үлесін 80 пайызға жеткізсек дейміз. Сәйкесінше, 3 жыл ішінде қалалық қоғамдық жолаушылар көлігі толығымен жаңартылмақ. Қоғамдық көліктер мәселесі бойынша рейдтер тұрақты ұйымдастырылуда, тасымалдайтын мекемелермен тиісті жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда облысымыздың 279 елді мекені немесе 78 пайызы тұрақты қоғамдық көлік қатынасымен қамтылған. Осы жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткішті 97 пайызға дейін арттырып, 344 елді мекенді қамту көзделуде. Саланың маңыздылығы ескеріліп, арнайы басқарма құрылып отыр. Жұмыспен қамтудың нәтижелі жолдары Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 16 мыңнан астам адам тартылып, 6 айдағы жоспар (12608 адам) 130 пайызға орындалды. Өткен жылы Елбасының облысқа келген іс сапарында өз бетімен жұмыспен қамтылғандар үлесінің жоғарылығы сынға алынып, көрсеткіштерді жақсарту бойынша нақты тапсырмалар берілгені белгілі. Осы бағытта арнайы «Жол картасы» бекітілді. Жыл басындағы мәртебесі анықталмаған 241 мың адамның 80 мыңының мәртебесі өзектендірілді. Оның ішінде 20,2 мыңы жалдамалы жұмысшылар санатына өтсе, 1251-і жеке кәсіпкер болып тіркелді, 6 мыңға жуық адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Нәтижесінде, өз бетімен жұмыспен қамтылғандардың үлесі 42,4 пайыздан 34,1 пайызға дейін азайды (179,9 мың адам). Нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі 36,7-ден (бұл кезінде республикадағы ең жоғары көрсеткіш болатын) 8,4 пайызға төмендеді. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз деңгейінде сақталуда. Кадр даярлау мен іріктеу талабы өзгерді Биыл білім жүйесін қаржыландыруға 106 миллиард теңге бөлінді. Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі 91 пайызды құрады. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 95 пайызға жеткізу үшін 45 мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарланып отыр. Оның 31-і жекеменшік балабақша. Тараз қаласында балаларды кезекке қою мен жолдама берудің автоматтандырылған жүйесін енгізуді көздеп отырмыз. Орта білім алуда 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша үздік және жақсы оқитын оқушылардың үлесі 66,5 пайызды құрады (135633 оқушы). Халықаралық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстарға қатысқан 257 оқушының 142-сі (55,2%) жеңімпаз атанды (22 алтын, 35 күміс, 85 қола). Облыс оқушылары республикалық олимпиадада 7 жыл қатарынан, республикалық ғылыми жарыстардың қорытындысында 6 жыл қатарынан «Ең үздік команда» атанып, І орындарды иеленді. Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» мектеп-интернаты 10 жыл қатарынан «Үздік олимпиада мектебі» атағына ие болды. Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балы 89,4-ті құрады. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 11,5 балға жоғары. Маусым айында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей-интернаты құрылды. Оған 121 миллион теңге қарастырылып отыр. Сонымен бірге ауыл шаруашылық және техникалық бағыттарда заманауи материалдық базамен қамтылған Құлан ауыл шаруашылығы және Жамбыл политехникалық базалық колледждерін жаңғырту жобалары басталды. Бұған 300 миллион теңге бөлінді. Алдағы оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 5024 орын мемлекеттік білім тапсырысы бөлінді (2017-2018 оқу жылында 4993, яғни 31 орынға артық) оның 3324-і – жұмысшы мамандықтар. Осы бағытта мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысты бірқатар шешімдер қабылданды. Жаңа оқу жылынан бастап арнайы ереже әзірленді. Бұрын тек колледждер мен студенттер арасында келісімшарт жасалатын болса, енді жұмыс берушілер – колледждер және аудан, қала әкімдері арасында үшжақты шарттар жасалынады. Соған сәйкес, біріншіден, жұмыс беруші оқу бітірген түлекті жұмысқа қабылдауға, тиісті жалақы төлеуге міндеттеледі. Екіншіден, студент, шарт талаптарын бұзса, жұмсалған мемлекеттік қаржыны қайтаруға міндеттеледі. Үшіншіден, аудан әкімдерінің мамандарға тапсырыс берудегі жауапкершілігі артады. Ондағы мақсат – бюджетті тиімді пайдалану және еңбек нарығының сұранысына сай мамандарды дайындау. Сондай-ақ енді мектеп директорының жауапкершілігін арттыру мақсатында оларды конкурс арқылы тағайындау қағидалары өзгереді. Бұдан былай төрт жылдан астам жұмыс істеген мектеп басшысымен келісімшартты ұзарту қоғамдық комиссияларда, мектептің білім сапасы мен жетістіктерін ескере отырып шешілетін болады. Сондай-ақ мектептер арасындағы рейтинг бойынша да оның жауапкершілігі қаралмақ. Білім беру ұйымдарының қызметін бағалау үшін оқушылар мен ата-аналардың виртуалды-онлайн дауыс беруі қарастырылған. Бүгінгі күні облыста 3 жоғары оқу орнында жатақханаға қажеттілік анықталды. 3 жоғары оқу орнындағы жатақхана орнына мұқтаж студенттер саны – 1837 (ТарМУ – 657, ТарМПУ – 780, ТИГУ – 400) болса, 3 колледжде 750 жасқа жатақхана қажет (Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі – 300, Жамбыл медицина колледжі – 350, №9 Меркі колледжі – 100). Қажеттілікті өтеу мақсатында қазіргі кезде «Тараз» қонақ үйі сатып алынып, ТИГУ студенттеріне жатақхана дайындалуда. Қалған 2 жоғары оқу орны мен 3 колледж тарапынан жатақхана салуға тиісті жер телімдері белгіленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін тиісті құжаттамалары дайындалуда. Электрондық денсаулық паспорты енгізілуде Бүгінде мекемелердің 89 пайызы (406) интернетпен және қызметкерлер жұмыс орнының 92 пайызы компьютермен қамтылған. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу үшін облыстық бюджеттен нақтылау кезінде 152 миллион теңге бөлінді. Қазіргі таңда 6600 медицина қызметкері «Elsi Med», «Damu Med» ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеуде, оларға 102 мың медициналық, 1,1 миллион амбулаториялық карта және 57 мың электрондық денсаулық паспорты енгізілді. Жарты жылдықта жоспар 50 пайыз болса, көрсеткіш 60 пайызға орындалып отыр. Білім саласындағыдай жұмыстың сапасын көтеру үшін биыл алғаш рет мекеме басшылары нақты индикаторлар көрсетілген келісім-шарттарға қол қойды. Бұл салада да бір мекемені ұзақ жыл басқарған басшыларды ротациялау тәртібі енгізілді. Биылғы облыстың денсаулық сақтау саласындағы елеулі оқиға – биыл алғаш рет Таразда бүйрек алмастыру отасы жасалғаны болды. Бұл профессор Сейтхан Жошыбаевтың, осы кісі басқарып отырған ұжымның еңбегі екенін атап айту керек. Спорт нысандарының қажеттілігі сараланды Халықаралық және республикалық жарыстарда біздің спортшылар 201 алтын, 211 күміс, 254 қола медальді иеленді. Қазіргі таңда облыс көлемінде 2133 спорт нысаны жұмыс істейді. (17 стадион, 1 спорт сарайы, 16 спорт кешені, 589 спорт зал, 429 футбол алаңы, 976 спорт алаңшасы және 105 басқа да спорт нысандар). Спорт нысандарының қажеттілігіне талдау жасалып, 25 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін және 50 спорт алаңшасын салу қажет екені анықталды. Құрылыс айтылған регламентке сәйкес жүргізілетін болады. Оңтайландырылған мәдениет ошақтары Мәдениет саласында мәдениет ошақтарының тиімділігі, халықтың рухани сұранысын қанағаттандыру деңгейі талданып, мақсатты индикаторлар белгіленді. 2018-2020 жылдарға арналған елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамту және олардың халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру картасы жасалды. Алдымыздағы 3 жылда ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан клубы бар ауылдардың 16-ына және мүлдем клубы жоқ 10-ына регламентке сәйкес жаңа оңтайландырылған мәдениет ошақтары салынады. Жалпы барлық мәдениет ошақтарында «Цифрландырылған ақпараттық орталықтар» ашып, тиісті қызмет түрін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Облыстағы мәдениет мекемелерін оңтайландыру барысында 61 мекеме, оның ішінде нормативке сәйкес келмейтін 11 клубты, 18 жеке меншікте орналасқан кітапхананы, 10 бейнемобильді жабу ұсынылады. Үнемделетін қаржы көлемі 32 миллион теңгені құрайды. Биыл «Әулиеатаның қасиетті жерлерінің картасы» жобасы іске асырылмақ. «Әулиеата өңірінің көптомдық энциклопедиясын» сериялармен шығару бойынша жұмыстар басталды. Жоспар бекітілді. Бүгінде туризм саласындағы ресурстарды жүйелендіру мен қолдағы резервтерді бірлестіру үшін «аймақтық карта» әзірленді. Картаға сәйкес, жалпы құны 7,4 миллиард теңгеге 30 инвестициялық жобаның базасы құрылды. Жергілікті бюджет және инвесторлар қаражатына 5 арнайы туристік аймақ құрылуда. 1)«Қаралма» тау-шаңғы базасы, 2)Шахристан аумағындағы облыстың негізгі туристік нысандарын көрсетуге арналған көрме макеттері бар «Көне Тараз шеберлері» қолөнершілер қалашығы, 3)«Төрткөл» керуен сарайындағы «Қазақ ауылы» тарихи-мәдени орталығы, 4) «Айша бибі» және «Қарахан» кесенелері мен «Әулие бастау» сауықтыру орны кіретін тарихи-археологиялық кешені және 5) «Ақыртас» сарай кешені. Осы мақсатта Жуалы ауданында «Қаралма» тау-шаңғы туристік базасын салу бойынша инвестициялық жоба әзірленді. Қазір жұмыстар басталып, жүріп жатыр. Бұдан басқа облыстың 33 туристік нысаны кірген 12 туристік маршруты әзірленді. Соның ішінде келесі бағыттар бойынша автожол құрылысына – «Баласағұн» қалашығына 92 миллион теңге, «Әулие Бастау» бұлағына 35 миллион теңге, «Тау қымыз» емдік-сауықтыру орталығына 168 миллион теңге бөлінді. Қоғамдық-саяси ахуал тұрақты Өңірде ішкі саясат, тілдерді дамыту, дін істері, жастар мәселелері бойынша қабылданған бағдарламалар аясында тиісті жұмыстар атқарылуда. Елбасы Жолдауын түсіндіру бойынша жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биылғы жылы 5 миллиард теңгеге 117 жоба, 68 түрлі форматтағы іс-шара іске асырылуда. Аудандар мен Тараз қаласы бойынша түйткілді мәселелердің дерекқоры жасалынып, «Ыстық нүктелер» іс-шарасы бекітілді. Есепті мерзімде 40 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді және 345 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. «Қоғамдық бақылау» сайтын ашып, сол арқылы тұрғындар облыстың билік органдарына сауалдарын жолдап, кері байланыс орнату тетігін қалыптастырудамыз. Сондай-ақ Үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Азаматтық орталық» ашуды жоспарлап отырмыз. Бұған облыстық бюджеттен 10 миллион теңге қарастырылды. Атқарылып жатқан жұмыстарды жүйелі түрде тұрғындарға жеткізіп отыру үшін арнайы «Баспасөз орталығы» ашылды. Облыста жалпы қылмыстық құқық бұзушылық деңгейі 31,3 пайызға төмендеген (7317-ден 5024-ке дейін) Криминогендік жағдай қалыпты және құзырлы органдардың қатаң бақылауында. Жалпы өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. ӨҢІРЛІК БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ ойдағыдай Құрметті депутаттар! Жалпы облыс экономикасының барлық саласында жүйелендіру және оңтайландыру жұмыстары атқарылуда. Әр салаға қатысты күрделі мәселелер аудандар мен қалаларда толық зерделеніп, оларды шешу жолдары айқындалуда. Бұл ретте, облыс әкімі аппаратының инспекторлық корпусының жұмысы жаңа форматта ұйымдаст

Ұқсас жаңалықтар