Еселі экономика – ең сапалы жолдардан басталады
Елбасы жолды мемлекеттің бет-бейнесіне текке теңеген жоқ. Жолы даңғыл елдің сапары сәтті болады, экономикасы да қарқынды дамиды.
Қазіргі таңда Т.Рысқұлов ауданы бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы 357,5 шақырымға созылып жатыр. Оның ішінде аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 161,5 шақырымды құрайды. Ал елді мекендердегі көшелердің жалпы ұзындығы – 393 шақырым. Оларды жөндеуге облыстық және аудандық бюджеттен жыл сайын қыруар қаражат бөлінуде. Өткен жылы аудандық маңыздағы автомобиль жолының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 84,7 пайызды құраса, биыл бұл көрсеткішті 89,6 пайызға жеткізу көзделуде. Мұнда өткен жылы жолдарды жөндеуге 374967 мың теңге бөлінсе, биыл бұл мақсатқа 1077829 мың теңге қарастырылмақ.
Мемлекеттік сатып алу конкурстарында жеңімпаз атанған мердігерлер қазір уақытты ұтымды пайдаланып, жөндеу жұмыстарын қарқынды жүргізуге күш салуда. Солардың бірі – Қонысбай Сағынбек жетекшілік ететін «Құлан жолдары» ЖШС. Серіктестік жыл сайын жоспарланған аудан жолдарының елу пайызға жуығын «сауықтырудан» өткізеді. Биыл кәсіпорын «Каменка – Пионер лагерь» автомобиль жолының – 12, Көгершін ауылына баратын жолдың 7,2 шақырымын орта жөндеуден өткізіп бітуге таяу. «Луговой Әскери бөлім» жолының 9,5 шақырымын қалпына келтіруді ұтып алған «Меркі жолдары» ЖШС жұмысы да өнімді. «Қорағаты–Мамыртөбе» автомобиль жолы – 2017 жылдан 2018 жылға өтпелі нысан. «Корпорация Азия Құрылыс» ЖШС осы мерзімде жоспарланған 23 шақырымның жартысын орта жөндеумен қамтыды. «Құлан – станса Луговой» автомобиль жолының 3,5 шақырымын «Айя Сервис» ЖШС қысқа мерзімде «сауықтырды».
Бұл саладағы тәжірибесі мол жоғарыдағы мердігерлердің қуатты техникасы мен өздерінің асфальт зауыттары да бар екенін айта кету керек. Жұмыс сапасы тұрақты бақылауда. Техникалық қадағалаушылар орын алған кемшіліктерді анықтап, оларды шұғыл жоюға күш салады. Жолшылардың алаңсыз әрі өнімді жұмыс істеуіне қажетті жағдайлар жасалған. Қазіргі кезде жұмысшы және мемлекеттік комиссиялар жөндеу толық аяқталған нысандарды қабылдауға кірісуде.
Мақсат Дәуітбеков,
аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
Т.Рысқұлов ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді