«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Еңбекақы төлеу

Еңбекақы төлеу
ашық дереккөз
Еңбекақы төлеу

Жақында оның жаңа моделі енгізіледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дәстүрлі брифинг «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ҚР заңнамалары» тақырыбына арналды. Жиынға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова, аталған министрліктің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы А. Адилов және Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары А. Қаржаубаев қатысты.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықаралық және отандық тәжірибенің негізінде Қазақстанда 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеудің жаңа моделі енгізіледі. Қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесінде басшы да, негізгі қызметкер де, әкімшілік функцияны орындайтын мамандар да бір лауазымдар санатына (мысалы, G4 санаты, мемлекеттік мекеменің басшысы, ХҚО маманы және ректордың кеңесшісі) жатқызылған. Жұмыс өтілі бірдей болған жағдайда олардың барлығы біркелкі лауазымдық жалақы алады, бұл еңбек ынтасының төмендеуіне алып келеді. Сондықтан да біз еңбекақы төлеудің жаңа моделіне көшуді жөн санап отырмыз, – деді министр. Сала министрінің түсіндіруінше, жаңа модель азаматтық қызметшілердің лауазымдарын біліміне, біліктілігіне, орындайтын жұмысының күрделілігі мен дәрежесіне қарай төрт санатқа: басқарушы, негізгі, әкімшілік-шаруашылық және техникалық персоналға бөлуді, сондай-ақ, лауазымдық жалақыларды есептеу үшін коэффициенттердің арнайы кестесін енгізуді көздейтін көрінеді.

Фариза Әбдікерімова,  «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар