Қазір оның жетпіс пайызы дайын
«Қазақстан-Тараз» телеарнасының қызметкері, әріптесіміз Сәбит Жамбаев анимациялық фильм жасауды қолға алды.
– Бұл саланың елімізде кенжелеп қалғаны, өңірімізде мүлде жоқтығы ой салып, жастар мен жасөспірімдер сүйсініп көретін, ересектер үшін комедиялық жанрдағы шытырман оқиғалы анимациялық фильм жасауға тәуекел еттім. Бұл іспен үйде бес-алты сағат бойы күнбе-күн дерлік айналысамын. Ешқандай да күрделі технология көмегінсіз бәрін де қолмен жасаудамын, – деді ол бізге. Бір өзі бірнеше адамның жұмысын дөңгелетіп жатқан тараздық әуесқой аниматордың айтуынша, қазір фильмнің жетпіс пайызы біткен. Енді үш-төрт айдан соң соңғы нүктесі қойылмақ. «Оңай олжа» деп аталатын бұл кинотуындыда негізгі кейіпкерлер – Бақыт пен Аңғалбектің басынан өткен оқиғалары баяндалады. Екі дос бір байшыкешке жалданып жұмыс істейді. Десе де, олар өмірлеріне аса риза емес. Қарт Қаратау бөктерінде қомақты алтын жасырулы
дегенді естіп, соны аяқтарынан таусыла іздеп жүргендерінде, абайсызда жерасты үңгіріне түсіп кетеді. Қысқасы, оңай олжаға кенелеміз деп жүріп, бастарына қиындық тілеп алады. Анимациялық фильм бір жарым сағатқа созылады.
– Егер жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жатсақ, облыс орталығынан киностудия ашпақ ниетім бар. Ел мәдениеті мен өнері, ұрпақ тәрбиесі үшін өте-мөте қажет мұндай істі қолға алу үшін міндетті түрде Астана мен Алматыда тұру қажет емес. Ондай дүниелерді Тараз қаласында да жасауға әбден болады, – дейді Сәбит сенімді түрде.
Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол».
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




