Домбыра мен скрипка
– Ассалаумағалейкум, Қобыз!
– Қобыз?
– «Қобызың» не, ей, доңыз?!
– А, кешіріңіз,
– Сонда кімсіз?
– Батыстың ұлы аспабы –
скрипка дегенің мен боламын.
Шопен, Бетховен, Бах та
Өлмес туындыларын сомдаған.
Ал сен кімсің?
Бұнда қайдан жүрсің?
– Мен өз ел,
Өз жерімде тұрмын ғой.
Қазақтың өлмес
Рухымын деп жүрмін ғой.
– Сен бе?
– Иә, мен:
«Екі ішектің бірін тарт та,
Бірін сәл-сәл кем бұра,
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
– Құрманғазы мен Әміренің
Көзі екенсің ғой, тіпті.
Талап-талғамы мықты
Француздарды мойындатқан
Нағыз қазақтың өзі екенсің ғой!
– Иә, иә,
«Мың өліп мың тірілген» қазаққа,
Серік болған домбырамын.
Хан баласы өлгенде,
Естіртуге келгенде
Шындықты айту тыйылса да,
Көмейіме ыстық қорғасын құйылса да,
Араша түсіп халқыма
Өз-өзіме берік болған домбырамын.
– Бірақ сен Конгресс-холда болмадың ғой,
Бірде-бір сыйлық алмадың ғой.
– Қандай холл, қандай сый?
– Меценаттар тағайындаған «Тарлан»,
Саф алтыннан құйылып, көздің жауын алған.
– А, мен онда барғам,
Еңбегім бағаланбаған соң,
Жанарыммен жер шұқып қалғам.
– Қазақтарға сіңбесе де еңбегім,
Маған «Тарлан» бергенде өз көзіме сенбедім.
Барлығынан биік тұрдым, ерледім.
– Иә, кенеле бер ырысқа, кеудені тік ұста,
Сенің шыққан жерің Шығыста,
Қобыз бабамыздан бастау алып,
Скрипка атанғаныңды ұмытпа!
Біле білсең, тегін ұмытқан тексіз,
...Қазаққа домбыраның қасиеті шексіз!
* * *
Деп домбыра өзімен рухтас аспапты,
Жақсы қасиеттерге үндеген еді.
Арада аз жыл өткенде мерейі өсіп,
Домбыра күні тойланатынын білмеген еді!
Бақытжан СОВЕТҰЛЫ,
ақын.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді