«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ел қазынасы талан-таражға түспесін

Ел қазынасы талан-таражға түспесін
ашық дереккөз
Ел қазынасы талан-таражға түспесін
Есепті кезеңде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 13, 29-баптарына және бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелеріне сәйкес, Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы 28 мемлекеттік аудит және сараптамалық талдау іс-шараларын жүргізді. (2017 жылдың I жарты жылдығында 30 мемлекеттік аудит және сараптамалық талдау іс-шаралары жүргізілген). Оның ішінде, мемлекеттік аудит іс-шаралары – 23, сараптамалық талдау іс-шаралары – 5. Жалпы жүргізілген мемлекеттік аудит және сараптамалық талдау іс-шараларының ішінде тиімділік аудиті – 16, сәйкестік аудиті – 12. 97 мемлекеттік аудит объектісінде жоспарлы аудиторлық іс-шаралары жүргізілді. (2017 жылдың I жарты жылдығында 91 мемлекеттік аудит объектісіне аудиторлық іс-шара жүргізілген). Оның ішінде, 88 мемлекеттік мекеме, 9 квази-мемлекеттік сектор субъектілері. Мемлекеттік аудитпен 77 048 667,0 мың теңге қаражат қамтылды (2017 жылдың I жарты жылдығында 32 625 095,8 мың теңге қаражат қамтылған). Оның ішінде:жергілікті бюджеттердің қаражаты – 66 836 119,8 мың теңге, немесе 86,8%, республикалық бюджет қаражаты 10 212 547,2 мың теңге, немесе 13,2%. Оның ішінде, республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер.) Жыл басынан жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижесінде 5 443 014,9 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды немесе аудитпен қамтылған қаражаттың сомасынан 7,0% құрап отыр (2017 жылдың I жарты жылдығында 2 357 795,7 мың теңгенің бұзушылықтары анықталған). Оның ішінде, қаржылық бұзушылық 1 480 828,0 мың теңге, немесе 27,2%, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 115 бірлік, 3 961 177,9 мың теңге, немесе 72,8%, тиімсіз жұмсалған бюджет қаражаты, мемлекеттік активтер 1 009,0 мың теңге. Бюджет деңгейі бойынша барлық бұзушылықтар 5 443 014,9 мың теңге жергілікті бюджет қаражаты есебінен қалыптасқан. Анықталған бұзушылықтардың ішінде қалпына келтірілуге және өтелуге жататыны 1 353 799,6 мың теңге немесе анықталған бұзушылықтар сомасынан 24,9% құрайды. Оның ішінде, өтелуге жататыны 55 227,2 мың теңге болса, қалпына келтірілуге жататыны 1 298 572,4 мың теңге. Есепті кезеңде қалпына келтірілуге және өтелуге жататын 1 353 799,6 мың теңгенің 1 250 285,8 мың теңгесі, немесе 92,3% қалпына келтірілген және өтелген. Оның ішінде: 30 022,1 мың теңге бюджет кірісіне өтеліп, 1 220 263,7 мың теңгесі қалпына келтірілген. Айырмасы болып табылатын 103 513,8 мың теңге 7,7 пайызы қабылданған қаулылар мен жолданған нұсқамалардың белгіленген мерзімдері келгенде орындалады деп күтілуде. Жалпы, жүргізілген мемлекеттік аудит және сараптамалық талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша есепті кезеңде тексеру комиссиясының 28 қаулысы қабылданды. Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және жұмысты жақсарту туралы, сондай-ақ кемшіліктерге жол берген лауазымды қызметкерлердің жауапкершілігін қарау жөнінде мемлекеттік аудит объектілеріне 58 нұсқама жолданды. Аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік аудит объектілерінің 156 қызметшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда: 134-ескерту, 18-сөгіс, 3-қатаң сөгіс, 1-лауазымын төмендету. Сонымен қатар 23 қызметшіге 1 335,9 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды (2017 жылдың I жарты жылдығында аудит объектілерінің 213 қызметшілері тәртіптік жауапкершілікке тартылған, 16 қызметшіге 2 564,2 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған). Тексеру комиссиясының өз құзыреті шеңберінде берген заңды талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін 19 материал Сот органдарына жолданып, 17 материал бойынша 806,8 мың теңге болатын айыппұл салынды, 2 материал әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қысқартылды. Жүргізілген мемлекеттік аудит және сараптамалық талдау іс-шараларының нәтижесінде негізгі анықталған жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктер: Бюджетті жоспарлау бойынша: Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар тарапынан бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ұсынған бюджеттік өтінімдерін бюджеттiк заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне қарамастан, қайтармай қабылдау салдарынан бюджет қаражатының артық немесе негізсіз жоспарлануы. Бюджетті жоспарлау және нақтылау барысында бюджеттік комиссия тарапынан салық салу көздерін зерделеу бойынша жұмыстар жеткілікті деңгейде жүргізілмеуі, мемлекеттік кірістер және жергілікті атқарушы органдар арасында тығыз қарым-қатынас өз деңгейінде орнатылмауы. Бюджетті орындау бойынша бюджетті жоспарлау мен атқару барысында Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің жекелеген принциптерінің: атап айтқанда, бюджет кірісін болжау барысында салық салу көздерін зерттеу жұмыстарын жан-жақты жүргізбегендіктен, салықтық түсімдер бойынша жоспарланған сомадан едәуір артық төлемдердің түсуі немесе жоспардың артық орындалуы, кірістердің кейбір түрлері бойынша нақтыланған және түзетілген жоспар негізсіз қысқартылуы, яғни негізділік принципінің сақталмауы сонымен қатар нәтижелілік принципінің талабы сақталмай, бюджет шығыстары бойынша жоспарланған қаражат толық игерілмеуі. Аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижесінде жүйелі түрде анықталған төмендегі кемшіліктерді атап өтуге болады: Тұтастай алғанда бағдарламалардың тиімсіз іске асырылуына алып келетін жағдайлар: жоспарланған индикаторлардың орындалмауы салдарынан жоспарланған мақсаттарға толық қол жеткізілмеуі, бағдарламаның iске асыру мақсатында жоспарланған іс-шаралардың толық орындалмауы. Бағдарламаны үйлестірушілердің тарапынан жүргізілуге тиісті мониторингтің жеткіліксіз түрде жүргізілуі, үйлестірушілердің басқа бірлесе орындаушылармен өзара іс-әрекетінің әлсіз болуы. Мемлекеттік аудит және сараптамалық талдау іс-шараларының нәтижесінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себебі: Бұзушылықтар мен кемшіліктердің орын алуы негізінен мемлекеттік аудит объектілері жауапты тұлғаларының тарапынан нормативтік-құқықтық актілері талаптарын өз деңгейінде білмеуі және мемлекеттік аудит объектілері басшыларының тарапынан қадағалаудың жеткілікті деңгейде болмауы; Мамандар мен бухгалтерлік қызметкерлердің кәсіби деңгейінің төмендігі; Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан ведомстволық мекемелердің қызметіне тиісті бақылаудың болмауы; Бюджетті жоспарлау және атқару жөніндегі уәкілетті органмен, бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен қолданыстағы заңнама нормаларының тиісті шамада орындалуы қамтамасыз етілмеуі себебінен орын алған. Ж.Айтақов, облыс бойынша тексеру комиссиясының төрағасы.

Ұқсас жаңалықтар