Баспана зары немесе ана тілегі
Тағдыр шіркін маңдайыма жазғасын,
Сынақтардан қозғамақпын сөз басын.
Баспана ойлап жүйкем әбден тозғасын,
Көл болады көз жасым!
Сөзіне де иланамын имамның,
Кейбіреулер деп жатады: «Үй алдым!»
Төрт баламмен бір баспана таба алмай,
Мен қорғансыз жандай болып қиналдым.
Үйсіз жүрмін қарт Таразды мекендеп,
Өзім жүрмін өз қалама бөтен боп.
Тілеп жүрмін пәтер зарын мен тартқан,
Балаларым көрмей өссе екен деп.
Осы өлең ана зары толғаған,
Ана зарын ұғынатын бар ма адам?
Мұңым тыңдап берсеңіздер қол ұшын,
Жақсылығыңыз қайтсын Хақтан, Алладан!
Гүлнұр Өмірзақова,
кітапханашы.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




