Қазақстан Жазушылар одағы сатира кеңесі мен Жамбыл облыстық әкімдігі сайыпқыран сатирик Шона Смаханұлының 90 жылдық мерейтойына орай «Шоқ тілді Шона» атты фельетоншылар мен карикатура салатын әзілкеш суретшілерге байқау жариялады. Шона Смаханұлы азуын айға білеген саяси-сатиралық «Ара» журналында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен қырғи тілді сықақшы екені жалпақ жұртқа аян. Байқаудың шарты: ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлардың атын атап, түсін түстеп, нақты фактіге құрылған фельетондар, сондай-ақ түрлі-түсті бояумен бедерлеген сатиралық кейіптегі сайқымазақ карикатуралар «Айқын» газетінің ішінде «Нұр Отан» партиясының қолдауымен айына екі рет шығып келе жатқан «Ара» газетінде жариялануы тиіс. Фельетонның көлемі компьютермен басқанда 3 беттен аспауы керек. Бас бәйге – 500 мың теңге. Бірінші бәйге – 300 мың теңге. Екінші бәйге – 200 мың теңге. Үшінші бәйге – 100 мың теңге. Ынталандыру сыйлығы – төртеу. Әрқайсысы 50 мың теңге. Бәйге қорытындысы қараша айында хабарланады. Байқауға қатысушы туындысын мына мекен-жайға жіберуі тиіс: Индекс 050000 Алматы қаласы, Абылай хан көшесі, 79 үй, 347 бөлме, байланыс телефоны 8(727) 3150484 e mail: ara-kz@mail.ru
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Өлең сөздің зергері – Қадыр ақын
- 28 қаңтар, 2025
Жаңа кинотуынды «Жүз жылдық жалғыздықтың» жүгін арқалай ала ма?
- 27 қаңтар, 2025
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді