Мәдениет
Жамбыл облысындағы Астана қаласының мәдени күндері аяқталды
- author «Ақ жол»
- 27 шілде, 2018
- 681
Жамбыл облысындағы Астана қаласының мәдени күндері аяқталды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="78064,78065,78069,78070,78071,78075,78076,78077,78078,78080,78083,78084,78085,78086,78087,78091,78092"]
Екі күнге созылған Астананың Жамбыл облысы күндері аясында жамбылдықтар елордалық өнер ұжымдарының ұйымдастырған бірнеше думанды шарасына куә болды.
Кеше «Баласағұн»концерт залында Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымдары – «Шалқыма» халық биі, эстрадалық би ансамбльдері, қазақ оркестрі, эстрадалық, классикалық және халық вокалы әртістері өз өнерлерін ортаға салды.
М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының ұжымы Алехандро Касонның махаббат пен жастық шақ тақырыптарына арналған пьесасы бойынша қойылған «Дикарь. Третье слово» мелодрамасын сахналады. Спектакльде таудағы ауылда өскен дүниетанымы өзгеше Паблоның шулы қалада бұрын-соңды білмеген ғажайып сезім сыйлайтын әлеммен танысуы баяндалды.
Жамбылдықтар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залында екі күн бойы «Ақ тілекпен Астана!» көрмесін тамашалады. Экспозицияға С.Смағұлов, М.Бекеев, Р.Күлбатыров, С.Аллабергенов, Н.Каржасов және т.б. сынды танымал 50 отандық суретшінің 100 үздік туындысы қойылған. Көрмеде Жанна Спунердің жеке коллекциясындағы еңбектері, сонымен қатар, астаналық шеберлердің картиналары мен мүсіндері қойылды. Мұнымен қоса, көрмеде Өмірбек Төлеулиевтің «Елім-ай» сериясы көпшілік назарына ұсынылды.
Сонымен қатар, астаналық делегация тарихи Тараз жеріне табан тірегендіктен өңірдегі Айша бибі, Қарахан, Ерте Ислам дәуіріндегі мешітті аралап, «Рухани жаңғыру» жобалық офисімен танысты. «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығына да ат басын бұрып, ежелгі қаланың келбетіне көз жүгіртті.
Бас қаланың 20 жылдық мерейтойын жыл бойы атап өту мақсатында Астаналық өнер ұжымдары мәдени күндерін өткізу үшін Түркістан облысына қарай бағыт алды.
Жамбыл Облысы Мәдениет Басқармасы
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




