Басты жаңалық
Марадона: Месси әлемнің үздік футболшысы деген атаққа лайық емес
- author «Ақ жол»
- 15 шілде, 2014
- 1.3k
Марадона: Месси әлемнің үздік футболшысы деген атаққа лайық емес
Каталондық «Барселона» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси әлем чемпионатының үздік ойыншысына берілетін «Алтын доп» сыйлығына лайықты емес.
Бұл пікірді даңқты футболшы Диего Марадона білдірді. «Ол бұл атаққа лайықты емес. Мұны әділ шешім деп айтуға болмайды. Мен оның бұл наградадан бас тартқанын көргім келеді», – деді Марадона. Оның атап өтуінше, турнирдің үздік ойыншысы болуға әлем чемпионатының 5 ойынында 6 гол соққан колумбиялық Хамес Родригес лайықты. Ал әлем чемпионатының 7 кездесуінде жасыл алаңда тамаша ойын өрнегін көрсеткен Месси 4 гол соққан болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
- 25 ақпан, 2026
Бірлескен бастамаларды қолға алуға дайын
- 23 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




