Экономика
Кәсіпорын берешегі құрылтайшыға салынған құрық болмасын
- author «Ақ жол»
- 26 шілде, 2018
- 277
Кәсіпорын берешегі құрылтайшыға салынған құрық болмасын
Елімізде кәсіпкерлікті дамыту, бұл саланы барынша өркендету шаралары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Үкімет тарапынан да оң өзгерістер, баянды бағдарламалар қабылдануда. Олардың ілтипатын қолынан іс келетін азаматтар барынша көріп, тиісінше табыстарға кеңеліп жатқаны шындық. Алайда кейбір тұстарда олардың алдынан кес-кестей шығатын ретсіз кедергілер де жоқ емес еді. Енді сондай келеңсіздіктердің бірінен кәсіпкерлер құтылып, кәсібін кеңінен өрістетуге мүмкіндік алып отыр.
Иә, ағымдағы жылдың маусым айының соңында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев «Оңалту және банкроттық туралы» Заңның егер борышкер банкроттыққа ұшырағанын мойындап, 6 айдың ішінде сотқа жүгінбеген жағдайда, ол субсидиарлық жауапкершілікке тартылады деген баптың күшін жоюға келісті.
Айта кету керек, бұл туралы осы жылдың 16 мамырында «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары атынан Азат Перуашев ҚР Премьер-министрі Бақытжан Әбдірұлы мен ҚР Бас прокуроры Қайрат Пернешұлының атына сауал жолдап, кәсіпорындардың берешегін адал құрылтайшылардың мойнына арттыруға жол берілмеу қажеттігін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ 20 маусымда Үкімет басшысына қайта жүгінген ақжолдықтардың көшбасшысы адал ниетті кәсіпкерлерге субсидиарлық жауаптылықты қолдану нарықтық экономиканың негізгі қағидаттарына қайшы келетінін айтқан.
– Басқа барлық жағдайларда, сол сияқты банкроттық жағдайларды қоса алғанда, субсидиарлық жауаптылық принципі ЖШС-ға қатысты қолданылмауы қажет – бұл түсініктеме ЖШС-дағы субсидиарлық жауаптылық туралы кез келген пайымдаулардың алдын алуы тиіс. Әйтпесе ел Президентінің бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту, жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 50 пайызға дейін жеткізу, халықтың еркін айналымдағы қаражатын экономикалық айналымға тарту жөніндегі нақты берілген тапсырмалары ешқашан орындалмайды, – деп өз ойын білдірген болатын халық қалаулысы.
Премьер-Министрдің айтуынша, ендігі жерде «Оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру туралы» Заң жобасын әзірлеу шеңберінде заңның 11-бабының 2-тармағы 3-тармақшасында көзделген субсидиялауға негіздеме болатын төлем қабілетсіздігі ұғымын алып тастауды қайта қарау жоспарланып отыр.
Жанғазы АХМЕТ
Ұқсас жаңалықтар
Әлеуметтік кәсіпкерліктің әлеуеті артып келеді
- 16 қыркүйек, 2024
Жобаның жақсылығын көрген жандар көп
- 16 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді