984,5 мың теңгенің жұмысы орындалмаған

984,5 мың теңгенің жұмысы орындалмаған
ашық дереккөз
984,5 мың теңгенің жұмысы орындалмаған
ал 142,0 мың теңге сапасыз іске жұмсалған Облыстық мәслихаттың депутаты А.Майлыбаевтың биылғы 7 наурызда жолдаған №27/151 депутаттық сауалы мен Шу қаласының тұрғыны Р.Керімқұлдың арызына сәйкес және облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыс бойынша департаменттерінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №8/3-1-9-983 хаты негізінде Төле би ауылындағы су ағатын кәріз жүйелерін жөндеу мен жаңғыртуға, су құбырлары мен мұнарасын салуға, жаңа тұрғын үй аудандарына инфрақұрылым жүргізуге Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-қоммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мен сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімдеріне бөлінген бюджеттік қаражаттардың пайдаланылуында Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамаларының сақталуы бойынша 2016-2017 жылдар мерзіміне аудиторлық іс-шара жүргізілді. Аталған 2 мекеме бойынша аудитпен қамтылған қаржы 1109 665,6 мың теңгені құрап, анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 320836,5 мың теңге болған. Атап айтсақ, Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының талаптары сақталмапты. Жалпы 3887,2 мың теңге, оның ішінде атқарылған жұмыстардың актісінде көрсетілсе де, нақты орындалмаған жұмыстар 3515,7 мың теңге және 371,5 мың теңгенің жұмыстары сапасыз орындалғандығы белгілі болды. Сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын қайта бастау белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлген тиісті жобалау-сметалық құжаттамасы болғанда ғана жүргізіледі делінген талаптары бұзылып, бекітілмеген және сараптамадан өткізілмеген жобамен 309929,7 мың теңгеге жасап алынған, қосылған жұмыстардың сметасымен жұмыстар атқарылып келген. Ал Шу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде «Қазақстан Республикасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының талаптары сақталмай, жалпы сомасы 976,7 мың теңгені құраған сапасыз жұмыстар анықталды. Алдыңғы жылы мекеме мен «СК-АВС» ЖШС арасында 776 129,9 мың теңгеге келісімшарттың 4-тармағының талаптарына қайшы, жұмыстардың толық аяқталмағанына қарамастан, мердігер шотына мекеменің былтырғы 25 қыркүйектегі төлем шотымен 4 916,4 мың теңге (5 пайыздық сапа кепілдігі) сомасы төленген. Яғни аудит аралығында мердігермен атқарылған құрылыс жұмыстарының актілері бойынша жалпы сома 207 986,6 мың теңгені құраған. Аталған заңдылықтар сақталмай, жалпы сомасы 1 126,5 мың теңге, оның ішінде 984,5 мың теңгенің орындалмағаны және 142,0 мың теңгеге сапасыз орындалған жұмыстар анықталды. Сөйтіп бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы мекемелерге нұсқама жіберілді. Қайрат Рахымбердиев, облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті №2 бөлімі басшысының міндетін атқарушы, Болат Құрманбеков, жетекші маман.

Ұқсас жаңалықтар